Сағадатова А. К. , қазақ тілі мұғалімі
"Жітіқара ауданы мемлекеттік мекемесінің білім бөлімі" "Гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ұлттық Бірыңғай Тестілеу - болашаққа жол
Оқушыларды ҰБТ дайындаудағы сапаны жоғарлату жөніндегі жұмыс жүйесімен бөліскім келеді.
ҰБТ негізгі мақсаты - түлектердің дайындық деңгейі мен сапасын әділ бағалау екені бәрімізге анық. Менің тәжірибемде оқушыларды ҰБТға дайындау жүйесі келесі бағыттардан құралған:
-сыныптың ҰБТға дайындық жұмыс жоспарын құру;
-үздік аттестат үміткерлерінің жұмыс жоспарын құру;
-"Алтын белгі" үміткерлерінің жұмыс жоспарын құру;
-оқушыларға жеке кеңес беру;
-мобильді-дифференциалды топтарға кеңес беру;
-ҰБТ - ке дайындық кезінде ғаламтор ресурстарын қолдану;
-ҰБТ дайындық кезінде жеке стратегия құрастыру (әсіресе "Алтын белгі", үздік аттестат үміткерлеріне);
-оқушыларға психологиялық көмек көрсету;
-оқушыларды ҰБТ дайындау жөнінде әр түрлі семинарларға қатысып, тәжірибе алмасу, біліктілігін арттыру курстарына қатысу.
Сапа мониторингі жүйелі және кешенді болу керек, сондықтан төмендегі параметрлерден тұрады:
-қазақ тілінен ағымдағы бағаларды бақылау;
-жазбаша жұмыстардың бағасын бақылау (диктант, сөздік диктант, мазмұндама, шығарма);
-дайындық тестілеудің нәтижесін бақылау (мектепішілік, аудандық, облыстық).
Жоғарыда берілген мониторинг ҰБТ бағасын болжауға мүмкіндік береді. Меніңше, "Қазақ тілі" пәні бойынша дайындық келесі мақсаттарды негізге алады: оқушылардың рухани жан дүниесін байыту; патриоттық және адамгершілік сезімдерге тәрбиелеу; қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, өнеріне, салт - дәстүрлеріне деген қызығушылығын қалыптастыру; жан - жақты дамыған тұлғаны т
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>