Ұлттық Бірыңғай Тестілеу – болашаққа жол - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 95
  • Скачиваний: 13

Сағадатова А.К., қазақ тілі мұғалімі

«Жітіқара ауданы мемлекеттік мекемесінің білім бөлімі» «Гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ұлттық Бірыңғай Тестілеу – болашаққа жол

Оқушыларды ҰБТ дайындаудағы сапаны жоғарлату жөніндегі жұмыс жүйесімен бөліскім келеді.

ҰБТ негізгі мақсаты – түлектердің дайындық деңгейі мен сапасын әділ бағалау екені бәрімізге анық. Менің тәжірибемде оқушыларды ҰБТға дайындау жүйесі келесі бағыттардан құралған:

-сыныптың ҰБТға дайындық жұмыс жоспарын құру;

-үздік аттестат үміткерлерінің жұмыс жоспарын құру;

-«Алтын белгі» үміткерлерінің жұмыс жоспарын құру;

-оқушыларға жеке кеңес беру;

-мобильді-дифференциалды топтарға кеңес беру;

-ҰБТ - ке дайындық кезінде ғаламтор ресурстарын қолдану;

-ҰБТ дайындық кезінде жеке стратегия құрастыру (әсіресе «Алтын белгі», үздік аттестат үміткерлеріне);

-оқушыларға психологиялық көмек көрсету;

-оқушыларды ҰБТ дайындау жөнінде әр түрлі семинарларға қатысып, тәжірибе алмасу, біліктілігін арттыру курстарына қатысу.

Сапа мониторингі жүйелі және кешенді болу керек, сондықтан төмендегі параметрлерден тұрады:

-қазақ тілінен ағымдағы бағаларды бақылау;

-жазбаша жұмыстардың бағасын бақылау (диктант, сөздік диктант, мазмұндама, шығарма);

-дайындық тестілеудің нәтижесін бақылау (мектепішілік, аудандық, облыстық).

Жоғарыда берілген мониторинг ҰБТ бағасын болжауға мүмкіндік береді. Меніңше, «Қазақ тілі» пәні бойынша дайындық келесі мақсаттарды негізге алады: оқушылардың рухани жан дүниесін байыту; патриоттық және адамгершілік сезімдерге тәрбиелеу; қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, өнеріне, салт – дәстүрлеріне деген қызығушылығын қалыптастыру; жан –жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу; жазбаша және ауызша түрде өзінің ойын айқын жеткізуді уйрету; алған білімдерін тәжірибе жүзінде колдану.

ҰБТ шығармашылық және нақты дайындықты қажет етеді. Әр өткен тақырыпты тесттік жұмыстармен байланыстыру, дұрыс жауаптарды есте сақтай отырып тест тапсырмаларын оқушылардың өз ой-санасымен ұғып түсінуге және жауап беруге үйрету - мұғалімнің негізгі міндеті. Мен қолданып жүрген әр түрлі тестік тапсырмалар әр оқушының алған білімі жайлы жедел және шынайы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл жүйеге төменде берілген тест тапсырмалары кіреді:

базалық тестер – репродуктивті дәрежеде базалық түсініктерді қалыптастыруға арналған тестер; өткізу уақыты 10-15 минут;

диагностикалық тестер – оқушылардың тақырып бойынша түсінбегендерін ғана емес, сонымен қатар түсіну оқу деңгейін тексеруге мүмкіндік жасайды;

тақырып бойынша тестер – тақырыптың көлемі мен деңгейін түсінуге арналған бекіту тестері;

бақылау тестер – орта мектеп курсында өткен тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін жылдың, жарты жылдықтың соңында өткізілетін тестер;

Тестердің барлық түрлері белгілі бір нәтиже береді.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға көмек ретінде келесі қағидаларды құрастырамын:

-оқушыларға тапсырмаларды шамасына қарай жеке тапсырма беру;

-интелектуалды тапсырмаларды жоспарлы түрде ұлғайту;

-мұғалімнің сабақтарда тек бақылаушы болып қатысуы;

-бақылаудан өзіндік бақылауға көшу;

ҰБТ қазақ тілінен жақсы тапсыру үшін әр оқушының 5 сыныптан бері басталған өзіндік бақылау папкалары бойынша қорытындылау сабақтарын жүргіземін. Жинақтау папкаларда грамматикалық тақырыптық тестермен қатар елтану тақырыбына тестер бар (мысалы, «Қазақстанның ұлы адамдары» (3нұсқа), «Қазақстан», (5 нұсқа), «Мақал - мәтелдер» (3 нұсқа), «Қазақ әдебиеті» , «Қазақстан тарихы» пәндерімен пәнаралық байланыстарды ұстанамын.

Мобильді - дифференциалды топтарда тестілеуге жүйелі түрде дайындық жүреді. Жіберілген қателіктермен түзету жұмыстары жүргізіледі.Оқушылардың жұмыс дәптерлерінен тыс ҰБТға арналған және жеке грамматика дәптерлері, қағазды және электронды нұсқаулары тест жинақтары бар.

Әр өтілген тестік жұмыстан кейін кеңес кезінде жіберілген қателіктерге сараптама жүргізіледі. Осы сабақтарда «Фонетика», «Лексика», «Морфология», «Сөзжасам», «Орфография» тақырыптары бойынша қайталау жұмыстары өтеді.

Кеңестерде дайындығы жоғары оқушылар төмен және орташа көрсеткішті оқушылармен жұмыс жасап, олардан тапсырмаларды бұлжытпай дұрыс орындауларын, сыныптастардың назарларын қажетті кезендерде қадалағап отыруды талап етемін.

Оқушылармен қосымша және жеке жұмыстар жүргізіп, ата – аналарды балалардың жетістіктерімен таныстырып үнемі байланыста үстаймын.

Белгілі бір дәрежеге қол жеткізу үшін жүйелі түрде жүмыс жасау қажет деп есептеймін.

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: