Өлшем бірліктері

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

көзіңізді жеткізіңіз. Содан кейін оқушыларға 1 сағаттан кейін сыртқа шығып, көлеңкенің қалай өзгергенін бақылайтындарын айтыңыз. Содан соң сыныпқа қайта оралып, сабақты жалғастырыңыз. Оқушылар 1 сағат уақыт өткеннен кейін далаға шығып, осы іс-әрекетті қайта орындайды. Осылайша, олар көлеңкенің 1 сағат ішінде қалай өзгеретінін көреді. Оқушылардан осы уақытта қандай оқиға болғаны және өздерінің не істеп үлгергенін естеріне түсіруді сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз және бақылаудың қорытындысын жасаңыз. 1 сағаттың 1 минуттан ұзақ уақыт мөлшері екенін айтыңыз. Осы уақыт аралығында көптеген әрекеттерді жасап үлгеруге болады. Тіпті осы уақыт ішінде Жердің Күнге қатысты орны да өзгереді. Егер ауа райының қолайсыздығына байланысты ағаш көлеңкесі туралы тапсырманы орындауға мүмкіндік болмаса, cыныпта мынадай тәжірибе жасауға болады: бірдей үш майшам мен екі таймер алыңыз. Содан соң екі майшамды бірдей уақытта жағыңыз, ал үшіншісін жаңа қалпында қалдырыңыз. 1 минут өткен соң майшамның біреуін өшіріңіз. Ал екінші майшам жанып тұра береді. Екінші майшамды 1 сағат өткен соң өшіріңіз. Содан соң барлық майшамды салыстырыңыз. 1 минутта қанша жанды? (Жаңа майшамнан айырмасы бар ма?) 1 сағатта ше? Осы тәжірибе арқылы 1 минут пен 1 сағаттың ұзақтығы туралы айтуға болады. Оқушыларды уақыттың ұзақтығы туралы ойға жетелеңіз. Уақытты арнайы құралдың көмегімен минутпен, сағатпен өлшеуге болатынын айтыңыз. Осы құралды (сағатты) көрсетіңіз.
Сағаттар қай уақытты көрсетіп тұр? Тап сырманы орындауға оқушылардың барлығы қатысуы керек. Оқушылардан барлық сағаттағы тілдердің орналасуындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды табуды сұраңыз. Барлық сағатта минуттық тілдер 12-ні көрсетіп тұр, ал сағаттық тілдер әртүрлі жағдайда орналасқан. Олай болса, сағаттағы уақыт 3-ті, 11-ді, 8-ді, 1-ді, 7-ні

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: