Логикалық есеп шығару

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақ тақырыбы:
Логикалық есеп шығару
Мектеп: Бексейіт орта мектебі
Күні :

Мұғалімнің есімі: Нұрғалиева Б. Қ.
СЫНЫП: 1-сынып
Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:
сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығарады.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:

Ресурстар:
3 алма салынған себет;
3 түсті парақша;
А4 қағазындағы 3х3 кестесі;
1 есеп жазылған 3 қағаз;
2 есеп жазылған 3 қағаз.
Тірек сөздер
логикалық есеп.
Сабақтың мақсаты:
Көрнекі суреттердің көмегімен шығарылатын логикалық есептермен таныстыру, ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Логикалық есептер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қол данып шешуге болатын тапсырмалар болып саналады. Сонымен бірге оларды шешу үшін стандартты емес тәсілдер қолданылады: салыстыру, болжау, талдау. Бұл сабақта көрнекілікті қолданып, суреттің көмегі мен шығарылатын логикалық есептерді шешуге көңіл бөлу керек.
Блиц-турнирге арналған сұрақтар (сізге өз сұрақ тарыңызды қосуға немесе кейбіреулерін өзгертуге болады):
-- Екі тышқанның неше құлағы бар? (4. )
-- Екі қонжықтың неше табаны бар? (8. )
-- Әженің Гүлназ деген немересі, Марғау деген мысығы және Ақтөс деген иті бар. Әженің неше немересі бар? (1. )

-- Құстар өзен үстінде ұшып жүр: кептер, шортан, 2 сарышымшық, 2 сұр қарлығаш және 5 мөңке балық. Құстар нешеу? Тезірек жауап бер! (5. )
-- Тәрелкеде үш сәбіз бен төрт алма жатыр. Тәрелкеде неше жеміс бар? (4. )
-- Кіреберісте алты аяқкиім тұр. Бөлмеде неше бала ойнап жүр? (3. )
-- Ақтөс деген ит күшіктеді: балаларының біреуі қара, екеуі ақ түсті. Ақтөст

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: