ттерді қарауға уақыт беріңіз және жұпта өзара тексеруді ұйым дастырыңыз.
Жауабы:
алмасы бар бұтақ; алма салынған ыдыс; алманың дәні.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмалар
Бұл сабақ "логикалық есеп" деген түсінікке кіріс пе сабақ болып саналады. Есепті шешу үшін оқушы лардан есептің шартын анықтауды, сұрағын табуды, дауыстап талдауды, шығару жоспарын құруды сұраңыз. "Миға шабуыл" әдісін қолданып, есептің шешімі бойынша қанша оқушы өз ойын айта алатынын анықтаңыз.
Көңілді клоундар.
Оқушылар тапсырманы біртіндеп орындайды. Алдымен бояуды ұсыныңыз. Оны орындап болған соң жұппен өзара тексеру жүргізіледі. Сіз тапсырманың шартын оқыңыз, ал оқушылар оны суретпен салыс тырады.
Көршілер. Топта оқушыларға өз ойымен бөлісуге мүмкіндік беріңіз. Өздігінен орындағаннан кейін жұппен тексеруді ұйымдастырыңыз. Әр топтың бірнеше оқушысынан нәтижелерін сұраңыз.
Жауабы:
бірінші үйде -- ит, екінші үйде -- мысық, үшінші үйде -- әтеш.
Бағалау
Оқушылар сабақ соңында:
көрнекі суреттердің көмегімен қарапайым логи калық есептердің шешімін табуды;
шешу тәсілдері мен ойлануды меңгереді.
Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін бағалау үшін сұрақтар қойыңыз:
-- логикалық есептерді шығару үшін нені орын дау қажет?
Логикалық есептерді шығару қадамдарын қайта лаңыз:
-- есептің шартын, сұрағын мұқият оқу;
-- суретін салу немесе есепті ойын түрінде көрсету;
-- шешу жоспарын құру;
-- шешудің әртүрлі тәсілдерін іздеу;
-- есеп шартының орындалғанын (орындалмаға нын) тексеру.
Жұмыс дәптеріндегі "Жетістік баспалдағы" бо-йынша өзін-өзі бағалатыңыз.
Страницы: << < 1 | 2 | 3