Лл дыбысы мен әрпі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені
«Cауат ашу» сабағынан ашық сабақ
Тақырыбы: «Лл дыбысы мен әрпі»
(Бірінші сынып оқушыларын
оқыту сабақтастығы аптасы шеңберінде)
Мұғалім: Рамазанова Г. Б.
Петропавл қаласы
2014-2015 оқу жылы
Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Лл дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Лл дыбысы мен әрпін таныстырып және
оның дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру, жаңа сөздермен
таныстыру;
2. Л дыбысымен өткен дыбыстарды байланыстыра
отырып, буын құрауға жаттықтыру, баланың сөздік
қорын,тіл байлығын дамыту;
3. Оқушының ойын тыңдауға,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: Лл дыбысы мен әрпіне арналған кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа зейіндерін аударамын.
Сабаққа қажетті оқу-құралдарын дайындатамын.
Баланың партада дұрыс отыруын қадағалаймын.
ІІ. Өткенді қайталау:
Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ұғымдарын,түсініктерін пысықтау.
- Р дыбысы қандай дыбыс?
Сызба арқылы сөйлемдерді тақтаға жазғызамын.
Р дыбысынан келетін сөздер құрау, сөздерден сөйлем құрау.
Сөздерге дыбыстық талдау жасатамын.
Сөзден сөйлемдер құратамын.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақты әңгімеден бастаймын.
Ләйләның кішкентай ақ лағы секіріп келе жатып,есік алдында жатқан күшікті басып кете жаздады. Қорыққан күшік үре бастады. Шошып қалған лақ жүгіріп барып, Ләйләны паналады. Ләйлә оның қылығына күліп жіберді де, мынадай өлең шығарды.
Жалт-жұлт етіп лақ,
Жағалайсың бұлақ.
Секірем деп бір-ақ,
Қала көрме құлап.
Осы өлең арқылы лақ сөзіне талдау жасалады.
Л-л-л-ақ, Л-л-л-л

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: