2013-2014 оқу жылының соңындағы 1 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген ата-ана жиналысының хаттамасы.
Хаттама 5
Барлығы-28
Қатысқаны-25
Күн тәртібінде:
1. ІҮ оқу тоқсанының қорытындысы,келесі оқу жылының міндеті.
2. «Балаңның оқу қортындысына көңілің тола ма?» (пікірлесу)
3. Ағымдағы мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі І- ші мәселеге сәйкес ата-аналар балаларының ІҮ оқу тоқсаны мен жылдық оқуқортындысын тыңдады. Ата-аналарға баланың сабағына дұрыс көңіл бөлінбейтіндігі,ешқандай себепсіз сабақтан қалатын оқушылардың бар екендігі айтылды. Сонымен бірге ата-ана жиналысына шақырғанда түгел келмейтіндігі,жалпы ата-аналардың балдарына 1 сынып болса да онша көңіл бөлмейтіндігі айтылды.
Күн тәртібіндегі ІІ- ші мәселе бойынша ата-аналар оқу қортындысына байланысты өзара пікір алысты. Әр ата-ана өз баласының біліміне толықтай қанағаттанатынын айтты. Шындығыны келгенде баланың сабағына өте қатты мән бермейтіндіктерін мойындады. Келешек әр ата-ана өз баласының оқуына,сабағынан ретсіз қалмауына баса көңіл аударатындарын айтты.
Шығып сөйлеушілер:
Оспанова А. Менің немерем Бекзат осы сыныпта оқиды. Алғашқы кезде біраз қиналдық. Үйден өзіміздің,мектепте мұғалімнің үйретуі арқасында біраз жақсы болдық. Сонда жазуы,сын жұмысынан алған бағасы дұрыстала қоймады. Меңінше бар күш ата-анада болуы керек,себебі мұғалімнің 4-5 сағат үйреткені аздық етеді. Немеремнің оқу қортындысына көңілім толады.
Шыныбеков Б. Менде апамның сөзіне қосылам. Өйткені үйде баланың сабағына уақтылы көңіл бөлмейтініміз анық. Бала әлі кішкентай,ойын баласы қараған күні алған бағасы мен онша мән бере қоймаған, сабағының бағасының арасы өте алшақ. Мұғалімге қояр кінәміз жоқ. Бастауышта үлгірмеген бала енді қай кезде үлгірмек?Сондықтан
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>