тазалығын үнемі назарға алуын тапсыру.
3. Ата-ана мен сынып жетекші арасындағы байланыс 1-ші жолға қойылсын.
Ата-ана комитетінің құрамы:
Төреағасы: Омарова Динара
Мүшесі:Жаңұзақова Жанна
Сарманбаева Назира
Қызылорда облысы Арал ауданы Жақсықылыш кенті
19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Берсүгірова Мирамкүл
Тақырыбы: «Әліппе -білім бастауы».
Мақсаты: Әліппеден алған білімдерін тексеру, оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, ана тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Мұғалімнің құттықтау сөзі:
-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! «Әліппе бітіру»мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе сөзі:
-Балалар,осы «Әліппе»сөзінің әр әрпін саралап айтсақ.
Ә-әлемді
Л-легімен
І-ізгілік
П-парасатпен
П-паш
Е-етеміз
-Балалар,олай болса,сүйікті Әліппемізді ренжітпей,рахметімізді айтып,өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымызбен қарындастарымызға табыс ету-біздің міндетіміз. Сондықтан осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп,өнерлерімізді ортаға салайық.
Әліппе сұрақ қояды.
Әлия
Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым.
Үйреніп,әріптермен әңгімені,
Күн сайын алға қарай қадам бастым
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>