Күй құдіреті

Страницы: <<  <  209 | 210 | 211 | 212 | 213  >  >>

ен. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.
Дина 1880 жылы Беріш ішіндегі Бесқасқа руынан шыққан Тұрманұлы Қанас деген жігітке тұрмысқа шығады. Қанас пен Динадан Нұрпейіс атты бір ұл туған. Алайда, алғашқы перзенті дүниеге келген соң Қанас көп кешікпей қайтыс болады. Дина ата салтымен қайын інісі Шәпекке қосылады. Күйеуінің атын атамайтын дәстүр бойынша Дина күйеуі Шәпекті "Жәпек" деп атайтын болған. Кейбір деректерде "Жәпек" деп жазылуы содан. Динаның алғашқы күйеуінен көрген перзенті Нұрпейіс 14 жасында қайтыс болады. Кейін ел ішінде санақ па, сайлау ма, әйтеуір бір тізім алу атай алмаған Дина фамилиясының орнына қайтыс болған тұңғышы Нұрпейістің есімін атаған. Міне, Динаның Нұрпейіс келіні атануының сыры осында. Жәпек пен Дина бақытты ғұмыр кешіп, берекелі жанұя құрған.
Шығармалары
Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған "Қарақасқа" ат" күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған "Бұлбұл", "Жігер", "Байжұма"
сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған "Кербез" күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы "Июнь жарлығы" бойынша әскерге шақырылғанда тартқан "Он алтыншы жыл" ("Набор") күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған "Қосалқа" күйі, балдай тәт

Страницы: <<  <  209 | 210 | 211 | 212 | 213  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: