Күй құдіреті

Страницы: <<  <  210 | 211 | 212 | 213 | 214  >  >>

ті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған "Әсем қоңыр" күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді.
Дина Кеңес заманында да өзінің арман аңсарын, үміт тілегін халқының жолына бағыштап өтті. Жасының ұлғайғанына қарамастан Қазақстанның 20 жылдығына орай "Тойбастар", Отан соғысы жылдарында "Ана бұйрығы", "Жеңіс" сияқты күйлер шығарды. Рас, қоғамның репрессиялық қаталдығы туыдрған жағымсыз саясат пен желбуаз идеология Динаның бұла дарынын қақпайлап бақты. Оны төлтума арқасынан (шабытынан) айырып, әсіре ұраншылдықтың қолжаулығы етпек болды. Ол шығарған күйлерге "Еңбек ері", "Сауыншы", "Сталин", "Делегат", "Көкөніс" деп ат қойып, алаулатып жалаулатып, ресми салтанаттардың ұран күйіне айналдырды. Алайда, шын асылды тот баспайды. Динаның қанатты өнері халқының рухани асыл қазынасы ретінде бүгін мен болашаққа қызмет көрсете бермек.
"Бұлбұл" күйі. Құрманғазының да, жоғарыда айтқандай, Дәулеткерейдің де, Динаның да алған тақырыптары бір - "Бұлбұл", алға қойған мақсаттары да бірдей. Сөйте тұра, Динаның "Бұлбұлында" ұстаздарының күйлеріне қарағанда бұлбұлдың. сайрауы дәлме-дәл, анық естіледі. Динаның "Бұлбұлында" құстың сайраған үні тек жалаң түрде ғана емес, сезімнің еркіндігі ой-арман желілерімен ұштастырыла берілген. Қуаныш ләззаты мен бақыт рақатын білдіретін тұстары да бар. Мұнда автор дәстүрді сақтай отырып, асқан шеберлікпен ұсақ ноталар арқылы, ерекше қағыстар арқылы бұлбұлдың сайрағанын бейнелейтін, табиғат сұлулығын айшықтайтын образды сурет жасайды.

Тыңдау: Дина

Страницы: <<  <  210 | 211 | 212 | 213 | 214  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: