ындағы жапон қарағайының суретінен басқа сахнада ештеңе болмайды. Но театрында шымылдық жоқ, декорацияны білмейді. XVI ғасырдағы өзара соғыс Но театрының дамуына кесірін тигізді. Өзара қырқыс тоқтағаннан кейін (XVII ғасырдың басында) сауда мен қолөнері өркендеп, қалалар бой түзеді. Бейбіт өмір мәдениет саласын жандандыра түсті. Жапонияның алдыңғы катарлы классикалық дзёрури және Кабуки сияқты театрларына негіз болған жаңа театр түрлері пайда болды. Дзёрури театры XVI ғасырдың аяғында қуыршақшылар, әнші-жыраулар өнері түрінде дүниеге келді. Дзёрури үшін қолданған ең бірінші текст "Дзёрури оқиғасы" еді, осыдан жанрдың аты да пайда болды. Репертуары арнайы дзёрури формасында жазылған жапон драматургтерінің классикалық пьесаларынан тұрады. Жетекші драматургі -- Кабуки театрына да жазған Мондзаэмон Тикамацу (1653 -- 1724). Кабуки театры XVII ғасырда пайда болып, XVIII ғасырда шырқау биікке көтерілді. Кабуки театрында музыка, би және драмалық элементтері біртұтас болып келді. Оның қалыптасқан дәстүрлері Жапонияның қазіргі театрында да сақталған. Кабуки театры Но театрының биін, кёгеннің көркем сөз өнерін және дзёруридің драмалық формалары мен музыкалық негізін пайдаланды. Бірақ мұнда оқиғаны жырау -- гидаю емес, актерлер айтатын болған. Кабуки театрында қалыптасқан көркемдік әдістер канонға айналды. Спектакльдер зәулім театрдың кең сахнасында қойылды. Сахнаның сол жағында бүкіл залдың үстінен өтетін ханамити деп аталатын өткелшесі болған, ол кейде қосымша сахна ретінде де пайдаланылды. Әйелдер рөлін ерлер орындады. Кабуки театрлары Токио,Осака, Киото жәнe Нагоя- да бар. Жапониятеатрының тағы бір классикалық түріне Но жатады. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ішінара өзгерістерге ұшырады. Токиода, Киотода, Осакада Но театры ойынын көрсететін бірнеше театр үйлері
Страницы: << < 189 | 190 | 191 | 192 | 193 > >>