>5. Жаңа сабақ.
6. Ән үйрету.
7. Сабақты бекіту
8. Бағалау
- Жапон театрының өнері жайлы сөз басталғанда жапондықтар Амэно-Удзумэ Құдай туралы ежелгі аңызды естеріне түсіреді. Ғасырлар бойы гүлденіп келе жатқан жапондық дәстүрлі театрдың қалыптасуын, осы Құдайдың есімімен байланыстырады. Аңызда Күн Құдайы Аматэрасу ағасы -- Жел Құдайы Сусаномен ренжісіп калып, Әлемді Күн нұрынан айырып, аспан үңгіріне тығылып қалады. Кеңеске жиналған Құдайлар Аматэрасуды үңгірден қалай шығаруды білмей бастарын қатырып тұрғанда, өзінің көріксіз, жаман түрімен атақты Амэно-Удзумэ Құдайы үңгір алдында билей бастайды. Оның кисынсыз биін көрген Құдайлар қарқылдап күледі. Күлкіні естіген Аматэрасу қызығып, үңгірден шыға келгенде, жер беті кайта Күн нұрына бөленеді. Осы үңгір алдында билеген Амэно-Удзумэнің биімен Жапонияның ұлттық театрының дүниеге келуін байланыстырады. Географиялық жағдайына байланысты жапон мәдениеті, оның ішінде театр өнері көп жылдар бойы баскалардан оқшау жағдайда дамыды. Жапон театрының негізі ертедегі әдет-ғұрып пен діни мерекелерде қалана бастады. VII -- VIII ғасырларда жапон театры біртіндеп Корея, Қытай жәнеҮндістанның театр түрлеріне жақындай түсті. Олардың кейбіреулері жапон театр тарихынан гигаку (VII ғ. ) дегеи атпен орын алды. Гигаку сауығы қарабайыр би пьесаларынан құралды. Оған қатысушылар маска киіп, ойын көрсетіп отырды. XI ғасырдан кейін гигакуді музыкалык театр өнерінің басқа түрлері ығыстырып шығара бастады. Оның кейбір элементтері бугакумен сингакуге қосылды. Но театрында басты рөлді орындайтын актерді"ситэ" -- "орып- даушы" деп атаған. Ситэге екінші актер -- "ваки"көмектескен. Хор көрерменге оқиғаның қай жерде және кай уақытта болып жатқанын речитативпен жеткізеді. Қандай пьеса ойналмасын алтын аспан аяс
Страницы: << < 188 | 189 | 190 | 191 | 192 > >>