Күй құдіреті

Страницы: <<  <  191 | 192 | 193 | 194 | 195  >  >>

балет мектебінде Дидлодан дәріс алды. Оқушы кезінен ол императорлық театр сахнасында өнер көрсетті, ал мектепті бітірісімен труппада жетекші орынға ие болды. Истомина орыс классикалық балетінің жарқын өкілі болды. Дидло балеттерінде орталық партияларды орындады. Петербург сахнасында бірінші болып Пушкин бейнелерін -- "Кавказ тұтқынындағы" Черкеш қызын және "Руслан мен Людмиладағы" Людмиланы сомдады. 1830 жылдар шамасында Истомина аяқ ауруына байланысты мимикалық актриса амплуасына ауысады, ал 1836 жылы мүлдем сахнадан кетеді. А. С. Пушкин Истоминаның өнерін "Евгений Онегиннің" бірінші тарауында жырлап кетті.
1837 жылы Петербург пен Мәскеуде бір күнде атақты романтикалық "Сильфида" балетінің премьерасы өтті. Петербургте басты рөлді Еуропаға аты әйгілі Мария Тальони билесе, Мәскеуде Сильфида рөлінде жаңа ғана балет мектебін бітірген Екатерина Санковская биледі. Жас Санковская би техникасы жағынан Тальонидан кем түспеді. Кейін Санковская Мария Тальонидің басқа билерін де билеп, көрермендер көңілінен шықты. 1860 -- 1870 жылдары балет ойынсауықтың, көңіл көтерудің басты құралына айналды. Ресейде 1859 жылдан 1869 жылға дейін тұрған балетмейстер Артур Сен-Леонның балеттерінің мазмұны өте қарапайым болды. Ол тек бишілер өз шеберліктерін көрсететін тиімді билердің ыңғайлы тәсілі болды. Оның спектакльдеріндекөрерменнің көз алдында сарайлар құлап, су тасқындары болып, оттар лаулап жанды, кейіпкерлері ұшақ-кілемдерде ұшып, жер астына түсетін.
Сен-Леоннан кейін Петербург балет труппасының басында ұзақ жылдар бойы балетмейстер Мариус Петипатұрды. Балет өнері мен музыкасының ілгері дамуына кезінде зор үлес қосқан орыстың ұлы сазгері П. И. Чайковский болды. Балетмейстерлер М. Петипа мен Л. И. Иванов орыстың халық билерін классикалық би

Страницы: <<  <  191 | 192 | 193 | 194 | 195  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: