икасы жағынан Тальонидан кем түспеді. Кейін Санковская Мария Тальонидің басқа билерін де билеп, көрермендер көңілінен шықты. 1860 -- 1870 жылдары балет ойынсауықтың, көңіл көтерудің басты құралына айналды. Ресейде 1859 жылдан 1869 жылға дейін тұрған балетмейстер Артур Сен-Леонның балеттерінің мазмұны өте қарапайым болды. Ол тек бишілер өз шеберліктерін көрсететін тиімді билердің ыңғайлы тәсілі болды. Оның спектакльдеріндекөрерменнің көз алдында сарайлар құлап, су тасқындары болып, оттар лаулап жанды, кейіпкерлері ұшақ-кілемдерде ұшып, жер астына түсетін.
Сен-Леоннан кейін Петербург балет труппасының басында ұзақ жылдар бойы балетмейстер Мариус Петипатұрды. Балет өнері мен музыкасының ілгері дамуына кезінде зор үлес қосқан орыстың ұлы сазгері П. И. Чайковский болды. Балетмейстерлер М. Петипа мен Л. И. Иванов орыстың халық билерін классикалық би үлгілерімен ұштастыра отырып, оның "Үйқыдагыару", "Аққу көлі" және "Щелкунчик" (1890 -- 1895) балеттерін қойды. 1895 жылдың 15 қаңтарында "Акку көлі" Л. Иванов пен М. Петинамен қойылды. Осы уақыттан бастап тек орыс емес, бүкіл әлем классикалық балеттің дамуындағы жаңа кезең басталады. Симфониялық музыка биге тек сүйемелдеу рөлінен көтеріліп, балеттің негізгі идеясын айқындап, оның мазмұнын түсіндірді, пантомиманы ысырып, спектакльдегі басты рөльді биге берді.
Қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма
Сабақтың тақырыбы: Вена классикалық симфониясы
Сабақтың мақсаты: Шығармашылығын дамыту. Классикалық симфониялық музыканың дамуы, ерекшелігі туралы түсінік беру.
Міндеті: Көркемдік талғам мен шығармашылық ізденіс дағдыларын дамыту, симфониялық музыкамен сусындату.
Страницы: << < 186 | 187 | 188 | 189 | 190 > >>