Күй құдіреті

Страницы: <<  <  124 | 125 | 126 | 127 | 128  >  >>

Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену
Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту
Сабақтың көрнекті құралдары: композитор суреті, аспап
Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезіңі
1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту
Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс - халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір
бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек. Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық. Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып - жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер сал

Страницы: <<  <  124 | 125 | 126 | 127 | 128  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: