Ы. Алтынсарин атындағы 10 мектеп-лицейдің
математика пәнінің мұғалімі
Нұрмағанбетова Гүлжан Медетбайқызы
Күні: Сынып: 8 «а»Пәні: Алгебра
Сабақтың тақырыбы: Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Есептер шығару
Сілтеме Күнтізбелік жоспар, 8-сынып оқулығы, интерактивті тақта, электронды оқулық
МақсатыКвадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіреді
Есептер шығаруда квадрат түбірдің қасиеттерін қолданып өрнектерді түрлендіру дағдысын дамытады
Өз бетімен қорытынды шығарып,ойларын ашық айтады және ойлау қабілеттерін дамытады;
Пәнге деген қызығушылығын арттырады, тапқырлық қабілеттерін дамытады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тоқтала отырып, оқушылардың патриоттық сезімдері қалыптасады;
Күтілетін нәтижеКвадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіре алатын болады;
Көбейткішті түбір таңбасының астына еңгізе алады
Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босата алады
Қысқаша көбейту формуласын пайдаланып өрнектер ықшамдай алады
Топпен жұмыс жасау барысында өзгелердің пікірімен санаса алатын болады.
7 модульдің қолданылуыАКТ, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқытуды басқару және көшбасшылық
Қолданылатын әдіс-тәсілдерЖұппен және топпен жұмыс, ойлан-жұптас-бөліс әдісі
РесурстарПрезентация-слайд, жетондар, үлестірмелі материалдар, А3 форматты қағаздар,маркерлер
КезеңдерМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару1. Сабаққа назар аударады
2. Сабаққа психологиялық жағынан дайындалады.
3. Бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас орнатады.
Топтастыру
Оқушыларға вагон номерлері жазылған кеспе қағаздарын таратып беру.
Оқушыларды сабақтың жүру барысымен таныстырып
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>