Кәсіп таңдау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«Кәсіп таңдау» тақырыбындағы психологиялық сабақтың жоспары
Мақсаты:
Оқушыларда кәсіптердің түрлері жайлы түсінікте қалыптастыру
Міндеттері:
Оқушыларды кәсіптердің пәніне байланысты жіктелуімен таныстыру;
Оқушыларға кәсіптік өзін-өзі анықтау үрдісін белсендендіру;
Оқушылардың таңдаған кәсіпке қажетті қасиеттер мен өз бойындағы қасиеттерін салыстыруын ынталандыру.
Материалдар:
Кәсіптер тізімі. Е. А. Климовтың «Дифференциалды-диагностикалық сұраунамасы» әдістемесінің жауап бланктері. Кеңесшінің парағы. Парақ беттер, қаламдар.
Қатысушылар: 8 сынып оқушылары.
БАРЫСЫ:
Таныстыру
Психолог: «Өткен кездесулерде біз іс-әрекеттің қандай түріне қызығушылықтарымыз бар екенін және басым ойлау типін анықтау арқылы қандай да бір кәсіптерге бейімдіктерімізді анықтаған болатынбыз. Ал бүгін «Кәсіптер әлеміне» саяхатқа шығып, қандай кәсіп пәнімен жұмыс істеуге бейіміміз бар екенін анықтамақпыз.
Кәсіп – бұл іс-әрекеттің бір түрімен айналысатын адамдардың санатына жататындығын көрсететін адамның әлеуметтік мінездемесі.
Сендер қандай кәсіптерді білесіңдер?
Кәсіп пен мамандықтың айырмашылығы неде?
Кәсіптер жайлы танымал қызықты сұрақтар жинағы:
Ең оқымысты кәсіп? (кітапханашы)
Ең жасыл кәсіп? (орманшы)
Ең тәтті кәсіп? (кондитер)
Ең күлкілі кәсіп? (клоун)
Ең ақшыл кәсіп? (дәрігер)
Ең шашты кәсіп? (шаштаразшы)
Ең тісті кәсіп? (тіс дәрігері)
Ең өзгергіш кәсіп? (әртіс)
Ең қарым-қатынасшыл кәсіп? (тілші, мұғалім)
Ең ақшалы кәсіп? (банкир)
«15 жылдан кейін» қиялдау ойыны
Оқушылар жайғасып отырып, көздерін жұмады.
Психолог: «Арада 15 жыл өтті. Сен таңертең ұйқыдан ояндың. Жақсы демалып, сергектік сезімін сезінесің. Бойыңда күш-қайратың мол. Айнаға жақындап өзіңе қарап жимидың.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: