Көңіл-күйің тамаша. Жұмысқа жиналып, өзіңді жөнге келтіру үстіндесің. Бүгінгі күнге жоспарың көп. Бәрін үлгеріп істеуіңе сен сенімдісің. Айнаға қарап, «Мен қандай жақсы адаммын» деп өз-өзіңе көңіліп толып тұр.
Талқылауға сұрақтар:
Оқылған суретті көз алдыңа елестете алдыңдар ма?
Өздеріңді жұмысқа жиналып жатқанда елестеткенде қандай кәсіптің иесімін деп есептедіңдер?
Тақырып бойынша теориялық мәлімет
Е. А. Климов кәсіптерді пәніне байланысты бес топқа бөлген:
К Ә С І П
адам-адам адам-көркемдік бейне
адам-табиғат адам-техника
адам-белгілік жүйе
«Адам-адам» - адамдарды емдеу, оқыту және тәрбиелеу, күту, қорғаумен байланысты кәсіптер.
«Адам-көркемдік бейне» - көркемдік шығармаларды жасау, жобалау, модельдеу және оны жүзеге асырумен байланысты кәсіптер.
«Адам-техника» - техниканы жасау, жинау, қолдану, жөндеумен байланысты кәсіптер.
«Адам-белгілік жүйе» - мәтін, кесте, сызба, формула, цифр, карта, дыбыстық сигналдармен байланысты кәсіптер.
«Адам-табиғат» - тірі және өлі табиғатты зерттеу, жануарлар мен өсімдіктерді күту, олардың ауруларымен күресуге байланысты кәсіптер.
Кәсіптерді әр топқа жатқызу
Кәсіптер тізімі: ЭКОНОМИСТ, БУХГАЛТЕР, МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІ, АУДАРМАШЫ, СЫЗБАШЫ, ИНЖЕНЕР, КОНСТРУКТОР, РАДИОТЕХНИК, ҚҰРЫЛЫСШЫ, МЕХАНИК, ЗАҢГЕР, САТУШЫ, КАССИР, ГЕОЛОГ, КОРРЕКТОР, ЭЛЕКТРОМОНТЕР, МЕТАЛЛУРГ, АРХИТЕКТОР, ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ МАМАНЫ, АГРОНОМ, БИОХИМИК, БАҒБАН, ЗООТЕХНИК, ВЕТЕРИНАР, ТҰҚЫМШЫ, КИНОЛОГ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ, ТЕРГЕУШІ, САЯСАТКЕР, КІТАПХАНАШЫ, ТОПОГРАФ, ЗЕРГЕР, ФОТОГРАФ, МУЗЫКАНТ, КӨРКЕМДІК, БЕЗЕНДІРУШІ, ХОРЕОГРАФ, ТІЛШІ, МОДЕЛЬЕР, КОМПОЗИТОР, ӘРТІС, ДӘРІГЕР, МҰҒАЛІМ, КОРРЕКТОР, МЕНЕДЖЕР, ӘНШІ, АРХЕОЛОГ, ТІГІНШІ.
Оқушыларға елуге тарта кәсіптер ұсынылады. 5 топқа бөлінген оқушылар әр кә
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>