ығын қалай білуге болады?
(оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оның оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады)
4. «Абайлаңыз балалар»
5. Жолаушылар дегеніміз кімдер?
(кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар)
6. Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
(бағдаршам – механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөл атқарады. )
7. . Жол бойларында велосипедпен, қол шанамен, сүйретпелі қол
арбамен қалай жүру керек?
(велосипед, қол шана, қол арбамен жолдың шетімен жағалай жүру керек. Ал жиек жол болмаса, жолдың сол жағымен жүру керек)
8. Жол көлік оқиғасына куә болған адамдар не істеу керек?
(03 — жедел жәрдем шақырып, 02 – полиция бөліміне хабарласу керек)
9. Транспорт құралы дегеніміз не?
(адам немесе жүк тасымалдауға арналған көлік)
10. Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?
(ойын қызығымен балалар жол қауіпсіздігін ұмытып, жақындаған
машинаға мән бермейді)
Өздері салған суреттері арқылы әңгіме құра: Оқушылар әңгіме құрайды.
Оқушылар өздері дайындаған жол ережесіне байланысты көріністерін қояды.
Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»
Инспектор : Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,
Ауырса адамды, аңды да емдейді .
Отырған мынау Медбике апаға
Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?
(Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)
Инспектор : Апа, қараңыз мына сұмдықты ,
Маймақты кім қыңжылтты ?
Мед. бике: Маймағым, не болған өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?
Аю: Айтайын мен жасырмай шынымды – ай,
Сақтап қал , апа жанымды шыбындай.
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>