Көше ережесін сақтау

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>

/>Жармасып бал тасыр машина үстіне
Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
Мед. бике: Бір асар тәтті бал үшін,
Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін.
Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят – ақ,
Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !
Аю. Медбике апа, инспектор жолдас, енді тәртіпті бұзбаймын. Кешіріңіздер мені!
Мұғалім : – Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше, сол орында күте тұрамыз.
Мұғалім: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса, қазір жұмбақ шешіп, жауап беріп көрелік.
1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)
2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
Ендеше алғашқы кезекті жолда жүру ережелерін біліміз керек.
Әрбір жаяу жүргінші сияқты, әр бала көшеде аса сақтықпен жүріп тұруы тиіс. Көше тәртібін орындамау, көліктердің жүріп тұркына кедергі жасайды. Жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа кешігеді. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жерді таңдай біл. Өтетін жер тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер.
Көшеде қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең, күте тұр. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
Қорытынды:
Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. Жүлдегер топ, жеңімпаз оқушы анықталып, марапатталады.
«Абайлаңыз балалар» атты тәрбие сағат

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: