Көше ережесін сақтау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: «Абайлаңыз балалар»
Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: : Көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер,қатырма қағаздан бағдаршам макеті, жас автоинспектордың бас киімі мен таяқшасы. «Жол әліппесі» қабырға газеті, жол тәртібіне арналып жазылған ұрандар фотосуреттерден жасалған стенд. Әр топтың жеке жұмыс столы, жол белгілері, транспорт түрлері. Сынып бөлмесінің әр жеріне: «Жол тәртібін жадыңда ұста!» «Бәріміз бағдаршамға бағынайық». «Көшеде сақ бол»-деген сөздер жазылған плакттар ілінген.
Сабақ барысы: Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Мақсатын ашып көрсету.
Кіріспе сөз:
Оқушыларды топқа бөлу.
І-топ «Жас ұлан» тобы: Топ басшысы Джаутургаева Мадина
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз талай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
ІІ-топ «Қайсар» тобы: Топ басшысы Түгел Мұрагер
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
-деп екі топ амандасады.
Мұғалім: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі, ақпан айы.
Көшелерімізде қандай өзгерістер болып жатыр?
-Көшедегі жол бойын жол басқан, жолдар тайғақ, жол жүруге қолайсыз.
Ал көшедегі кездейсоқ қауіп-қатерден аман болу үшін нені білуіміз керек?
-Біздер көшеде жүру ережесін жақсы білуіміз қаж

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: