дегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Іс-әрекеттің барлық түрінің ішкі қажеттілігін ояту үшін мәдени эстетиканың атқарар қызметі үлкен. Ол адамның өмірге, өнерге деген көзқарасының өзгеруіне әсер етеді. Көруі бұзылған және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеуде танымдық және тәрбиелік жағы және сезімдік - эмоционалды, эстетикалық жағы аз көрсетілген. Соңғы уақытқа дейін оқу, еңбек, ойын әрекетінің эстетикалық мазмұны сипап сезу арқылы қиын беріледі деп санаған.
Баланың эстетикалық даму деңгейінің көрсеткішіне баланың эстетикалық уайымы мен қайғыруына әсер етеді. Эмоцияналды - эстетикалық реакцция, жағымды эмоция шындықпен тиімді қарым - қатынастың құрылуы баланың эмоцияналды даму деңгейін көрсетеді. Оқу, еңбек, ойын әрекеті эмоционалды құндылық қарым - қатынасының байланысы. Эстетикалық сезімнің дамуы мақсат, қажеттілік әсерінен болады. Эмоционалды - эстетикалық тәрбиенің қатарына эстетикалық қажеттіліктің дамуы үлкен орынды алады. Олар екі түрде болады: жеке қажеттілік және көркемдік ғылыми жасағыш. Бірінші жағдай сияқты, екінші жағдайда да эстетикалық қажеттілік эмоционалдық қажеттілік үшін қызметі дайын. Бірінші жағдайдағы қажеттілік қоршаған ортадағы эстетикалық қарым - қатынастың жоғарлауында. Екінші жағдайдағы қажеттілік - өнердегі бағыт мақсатқа жетелейді. Балада көркем суретке, мүсінге, өнерге қызығушылығы эстетикалық қажеттіліктің көтерлуі. Бұл процесс неғұрлым ерте басталса, сол ғұрлым оқу процесінде эстетикалық қажеттілігінің дамуының үлкен нәтижесіне жетуге болады.
Көзі көрмейтін және нашар көретін баланы тәрбиелеу мен оқытуда жанұядан дамытудың ерекшеліктерін, психикалық қызметте қалыптасқан ақаулардың алғашқы әсерлерінен қозғалыс, әлеуметтік, оқу және басқ
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>