Ғазезова Балжан Талғатқызы . Дефектология 2-курс
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ НАШАР КӨРЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Нашар көретіндер көздің өткірлігі едәуір төмендеген, оптикалық түзету көмегімен, көру қабілеті 0,05-0,2 дейін көру өткірлігі бар балалар. Нашар көргіштік организмнің жалпы ауруларынан кейін және көз ауруларының салдарынан туындайды. Нашар көретіндерде қалдықты көрудің болуы- баланың білім алуына: еңбектік - әлеуметтік бейімделушілігінің дамуы үшін пайдасы мол. Сол үшін оны үнемі сақтау керек. Офтольмологтың, тифлопсихологтың, психологтың үнемі диагностикасы мен педагогикалық кеңестері қажет. Көрудің тез төмендеуі бірінші кезекте қабылдау процесіне әсерін тигізеді. Нашар көретін балалардың қабылдауы тежелумен, бейненің тарлығымен, нақтылықтың төмендеуімен ерекшеленеді. Қалыпты көретін балаға қарағанда олардың көру арқылы елестетуі анық емес. Сол себепті нашар көретін балаларға кеңістікте бағдарлану қиынға соғады. мұндай балалар көру арқылы жұмыс істегенде тез жалығады, ал бұл өз кезегінде көрудің одан әрі нашарлауына алып келеді.
Көздің талуы ой және физикалық жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Бірақ та нашар көретін баладағы әлсіз көру қалыпты баладағыдай жетекші анализатор болып қалады. Нашар көретін балалар көру қабілетін қабылдаудың негізгі құралы ретінде қолданады. Нашар көретін балаларда көруі бұзылғанларда болатындай сезім түйсігі көру функциясының орнын ауыстырмайды. Балаларда кездесетін көру кемістігі күшейе түсетін және бір қалыпты болып бөлінеді. Күшейе түсетін көру бұзылысына глаукоманың бастапқы және қосалқы жағдайлары, көру жүйкесінің атрофиясы, жақыннан көргіштіктің қатерлі түрлері және т. б. жатады. Бір қалыптыға - даму кемістігі: микрофтальм, катаракта, операциядан кей
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>