КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ НАШАР КӨРЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>

оғары деңгейде дамыған. Әсіресе сипап сезу қабілетінің сыртқы ортадан берер ақпараты мол. Бұл балалардың көру қабілеті болмағандықтан, ол есту қабілетіне сүйенгендіктен есту қабілеті аса қарқынды дамиды. Осы тақырып бойынша кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қабылдауын айқындау мақсатымен түрлі зерттеу әдістері қолданылды. Біздің зерттеу жұмысымыз көруі бұзылғанлар мен нашар көретіндерге білім беру мекемесі " Болашақ " мектеп интернатындағы 2 сынып оқушыларына жүргізілді. Тәрбие гигиенасына сәйкес көруі бұзылған баламен жасалатын қарым қатынас дені сау баламен бірдей болу керек. Ондай балаға жастайынан жүруді де, өзін-өзі күтуді де, көзі көретін балалармен ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек. Ондай балаға көзің көруі бұзылған екен деп аяныш білдірудің қажеті жоқ. Сонда ғана Щербина айтқандай көруі бұзылған бала өзінің кемдігін онша сезіне қоймайды. Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қабылдау мүмкіндіктері қалыпты балалармен салыстырғанда күрделірек болады. Олардың қоршаған өмірді дұрыс қабылдауын дамыту келешекте әлеуметтік ортаға белсенді бейімделуіне зор ықпалын тигізеді. Естіп қабылдау көруі бұзылғанларға кеңістікте бағдарлануы мен қозғалысында маңызды рөл атқарады. Сондықтан көруі бұзылғандар үшін естіп қабылдау психикалық дамудың маңызды құралы болып табылады. Көруі бұзылғанларда есту қабілетінің дамуы олардың танымдық әрекеттері мен балалардың мінез-құлқына және бағдарлануына әр түрлі әсер етеді. Естуінің төмендеуі кезінде көруі бұзылған балалар есту қабылдауынан сипап сезу арқылы өзін бақылауға сүйенеді. Көруі бұзылғанлардың сипап сезу арқылы форманы қабылдауын зерттеу олардың сезімдік тәжірибелерінің жоғары екендігі және сипап сезуді тексеру тәсілдерін жылдам меңгеру қабілеттілігі анықталды.

<

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: