Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Еңбек ауылы. Еңбек орта мектебінің биология пәні мұғалімі Жаксымбетова Асемгуль Жанатовна
Көру мүшесі арқылы түстердің қабылдануы
Адам көру мүшесі арқылы сыртқы ортаны танып, зерттеп отырады. Сыртқы ортадан қабылдайтын ақпараттың 80 пайызы көру мүшесі арқылы қабылдайды. Бұл сезім мүшесінің маңызының аса ерекше екенін дәлелдейді. Көз арқылы адам өзін қоршаған затты, әртүрлі денелерді, олардың пішінін, түрін, түсін, қимылын, құрылысын қабылдайды. Адамның табиғатта және қоғамда толып жатқан өзгерістер жасауы, көру мүшелерінен алынған ақпараттың жоғарғы ми қыртысында талданып, қорытындыланып, оның іс - әрекетіне айналуына байланысты. Көз тек жарықты ажыратып қана қоймай, заттардың түсін 6 айлығынан бастап ажырата алады. Әсіресе, қызыл түсті жақсы ажыратады. Бірақ та қызыл түстің көздің бұлшықеттеріне салмақ түсіреді. Сондықтан жұмыс орны, бөлме табиғи жайбарақаттылық түспен(сары, жасыл) бөленгені дұрыс. Жайбарақаттылық түстер көз қысымын төмендетеді, көздің жанарын арттырады, жұмыс істеу қабілетін арттырады. Ал екі жасында қызыл түсті сарыдан, жасылды көгілдір түстен ажырата алады. Үш жасқа тола бастағанда барлық түстерді ажырату қиынға соқпайды. Жас жоғарылаған сайын түстер мен реңдерді ажырату жақсара түседі. Түстерді ажырата алу қабілеті ұл балалрға қарағанда, қыз балаларда жақсырақ. Ұл балаларда дальтонизм яғни заттардың түстерін ажырата білу қабілетінің бұзылуы жиі кездеседі. Түстерді ажырату 30 жасқа дейін жақсы дамиды, сонан кейін бірте - бірте төмендейді. Түстерді сезу қабілетінің қалыптасуында жаттығулардың маңызы зор. Басқа органдарға қарағанда көз тез шаршайды. Сондықтан көз көргіштігін арттыру, жұмысын қалпына келтіру үшін мына жаттығулар жасаған дұрыс: 1-жаттығу: Шынтағыңызды үстелге тіреп, алақандарыңызбен кө
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>