Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Октябрьдің 50 жылдығы атындағы
орта мектебі
екінші (негізгі) деңгейлі мұғалім
Жалелова Шолпан Әміржанқызы
Коуч ретінде мұғалімдерге өздерінің оқыту
тәжірибелерін жақсартуға көмек.
Мұғалімдермен коучинг сессиясын жүргізу маған өте ұнайды. Өйткені мұғалімдермен жұмыс жүргізу әлдеқайда жеңіл болды. Бірінші коучинг сессиясы бойынша түйген ойым: Біз осы уақытқа дейін диалогтік оқыту әдісін пайдаланып жүрсек те, диалогтің түрлері мен әңгіменің түрлерін, сұрақ қоюдың тәсілдерін нақты ажырата пайдаланбаппыз, біз бәрін жалпылама түрде айтып жүр екенбіз. Диалогтік оқыту әдісі белсенді сыныпта жақсы жүзеге асады,бұл кезеңде оқушылар бір- бірімен жаңа және тиімді тәсілдерді іздестіреді және бірлесіп әрекет етеді. Ал көптеген талқылаулар, әдетте әр түрлі әңгіме түрлерінен құралады.
Балалар зерттеушілік әңгіме жүргізе алатын ортада оқу жетіле бермек. Оқушылар бұндай ортада жұмыс істегенде әңгімелеріне қарай олардың ой пайымдары да айқындала түседі, әрі мұғалімдері мен құрдастары көмегімен одан әрі дамытылуы мүмкін. Соған қарамастан бұндай әңгіме дағдылары оқушыларға жайдан жай келе бермейді, балалар бірпескен әңгіменің мәнін ұғынып, қабылдауы үшін мұғалімдерге оларды бағыттап отыру керек болады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 100-бет ) Білім алуда сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Сұрақтар сабақтың мақсатына қарай өзгеріп отыруы керек,және сұрақтарды оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру керек.
"Оқыту үшін бағалау және сыныптағы маңызы" деп алған коучинг сессиясын өткізгендегі түйген ойым: Біз оқу үдерісінде осыған дейін жиынтық бағалауды қолданып келдік. Ал ағылшындарда бағалаудың "формативті" түрі басым қолданылады екен. Бұл бағ
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>