алауда оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқушыны ынталандыру арқылы ары қарай оқытуға жетелеу. Біз сабақ барысында оқушыларды қадам қадам бойынша бағалап отыруымыз керек. Сондықтан да әр ұстаз бағалау әдістерін білуі тиіс.
Коучинг сессиясына қатысқан мұғалімідердің сауалнамаға жазған жауабы:
"Мектеп коучнің барлық коучинг сессияларына өз қажеттілігім үшін қатынастым. Коучинг сессиясының мақсаты анық айқындалған. Бұл мақсаттар менің кәсіби қажеттілігіме сәйкес келеді. Осы сабақтардағы танымдық тапсырмаларды болашақта сабақтарыма пайдаланамын. Коучинг сессиялары таңдалған тақырыбымен мақсатымен өзіндік мәнмәтінімен мазмұнды, тиімді және пайдалы жүргізілген жұмыстар менің қызығушылығымды оятты. Өз сабақтарымда осы әдіс тәсіл түрлерін қолданғанда оқушыларымда сабаққа деген құлшыныс, тапсырмалар орындауда белсенділік, өздеріне деген сенімділік болды. Коучинг сессиялары мені өз тәжірибемді өзгертуге жігерлендіріп, ізденуге, тақырыпты терең зерттеуге жетелейді".
Коучинг ілімі қазір әлемнің көптеген елдерінде табысты қолданылады екен және бізге де қарқынды түрде еніп келе жатыр. Мысалы кәсіби өндірістік проблемаларды шешу, оқытудағы коучинг бар. Мұндағы принциптер әлемдік стандарттар мен құзырлылықтарға негізделген. Коучинг нәтижесі көбіне коуч мұғалімнің өзінің жеке құндылықтары мен дарындылығына да байланысты. Коуч екінші мұғалімге бағдар береді, рефлексивтік диалогқа тартады және оның білім деңгейін көтеруге, жұмыс сапасын арттыруға және ойлау қабілеттерін өзгертуге көмектеседі, бұл мұғалімнің кәсіби өсіміне ықпал етеді, тәжірибесін өзгертеді. Коучтар мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға, мүмкіндігін толық ашуға, түрткісін арттыруға көмектесетін болады. Жаттықтырушы коучтер жұмысының нәтижесінде оның әріптес
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>