ан идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етеді. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады. ( Мұғалімге арналған нұсқаулық 81-бет)
Осы сілтемеге сүйене отырып, әріптестеріме коучингтер өткізіп, барлық модульді, оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдерді азда болса меңгертуге тырыстым. Өйткені менің қолымда әріптестеріме өз жұмысында жоғары жетістікке жетуіне мұмкіндік беретін іс- әрекетті таңдау, талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігім бар. Мұмкіндікті тиімді пайдаланып, өзімнің ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілетімді шыңдадым. Болашақта барлық мұғалімдермен де жұмыс жүргізіп, тәжірибелеріне өзгеріс енгізуді қалап отырмын, өйткені екінші деңгей бағдарламасы біздерді өз мектептерімізде құзырлы коуч болуға үйретті. Осы бағдарлама бойынша оқуды аяқтап мен оқу қоғамдастығын құрып, жаңа идеяларды жүзеге асыру үшін өз мектебімде іс тәжірибеге өзгеріс енгізуге және әріптестеріммен жүргізілетін жұмысты ойластырып, оның жоспарын дайындадым. Болашақта неғұрлым тиімді әдіс түрлерін пайдалану, оны мұғалімдердің өздеріне пәніне қарай дамытып, түрлендіруді тапсырмақпын.
Страницы: << < 2 | 3 | 4