тері өзінің кәсіби құзіретін арттыруға арналған идеялармен және әдіс тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коуч өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа қөзқарастарын дамытуға көмектесу үшін мұғалімдер тарапынан да, ынтымақтастық болып, коуч мұғалімге көмек көрсетуі керек. . . Коучинг қызметі аяқталған соң коуч пен мұғалімдер арасында орнаған қарым қатынас біліктілігі төмендеу мұғалімнің өзіне өзі көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектеседі, себебі коучинг түзету қағидатында емес, даму қағидатына негізделген. (Оxley, 2003) Осы тұжырымдамаға сүйенсек, тәлім алушы коучер арқасында еңбек жолында айтулы жетістіктерге жетеді, кәсіби дағдылары дамиды күнде сабаққа дайын болды.
Мұғалім ретінде өзімді жақсы сезіндім, барынша әділ парасатты болуға тырыстым. Бағалау сөзі "жақын отыру " латын сөзінен шыққан екен, сондықтан бағаламас бұрын баланың жанына үңіліп, жан жақты зерттеп, тапсырманы орындау кезіндегі құлшынысын есепке алдым. Және баланың қызығушылығын оятатын түрлі тапсырмалар дайындап келу арқылы барлық баланы қамтуға тырыстым. Оқушылар түрлі түсті маркерлермен сурет салып, бірін бірі толықтырып, тіпті ғаламтордан мәлімет іздеп тақырыпты жан жақты ашты. Оқушылармен сұхбаттасқанда және сауалнама алғанда, балалар өздерінің өзгергенін, сабақтың өздеріне ұнағанын және үнемі осылай түрленген сабақтарды қалайтындықтарын айтқан.
Коуч ретінде өзім туралы айтсам мен әріптестеріме коучинг үдерісі және қызметі туралы әр сабағымда сәл де болса түсінік бере алдым деп ойлаймын. Коучтер- тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар. Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналғ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>