Күлбикеге көмектесеміз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ересек топтағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні/Дата проведения: 22. 01. 2019ж.
Тәрбиеші/Воспитатель: Караева Рискул Абдибековна. Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық, таным, әлеуметтік орта.
Пән/Предмет: Жапсыру, экология негіздері, қмұқ.
Тақырыбы: "Күлбикеге көмектесеміз".
Мақсаты:Білім берушілік: Жоспар бойынша жұмыс істеу қабілетін, қағаз бетінде бағдарлай білуін бекіту. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Дамытушылық: Логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін, қиял, ой-өрісін да-мыту.
Тәрбиелік: Балаларда мейірімділік, адами құндылық сапасын; біреуге жан-ашырлық таныту; қиын жағдайға тап болған адамға көмек көрсету қасиетін қалыптастырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Педагогикалық технологиялар/Педагогические технологии: Квест-ойын, әңгімелеу, сұрақ-жауап, шығармашылық.
Көрнекіліктер: карта, жоспар, жиһаз түрлері суреттері, киндер тосын сыйы, Күлбике қуыршағы, көйлек суреті, бөлме өсімдіктері.
Ұйымдастырылған қызметтің кезеңдері: Этапы организованной деятельности:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі/Организационный момент:
Шаттық шеңбері:
-Балалар, бір-бірімізбен амандасып,жылулық таратайық.
Арайлап таң атты,
Күн сәулесін таратты.
Күліп атты таңымыз,
Нұрын шашты күніміз.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Біз-нәзік қыздармыз!
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Біз-ержүрек ұлдармыз!
-Балалар, мен балабақшаға келе жатып, хат алдым. Бұл-жай хат емес. Қараңдаршы, жазу жоқ, таза парақ. Қандай хат бұл?
Балалар: -Бұл-сиқырлы хат.
Тәрбиеші: -Шындығында сиқырлы, құпия хат сияқты. Бұндай хатты немен жазады?
Балалар: -Бұндай хатты лимонның шырынымен, балауыз майымен немесе крахмал

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: