Күлбикеге көмектесеміз

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

мен жазады.
Тәрбиеші: -Хатта не жазылғанын қалай білуге болады?
Балалар: -Үтікпен үтіктеу керек. Бояумен бояу қажет.
(қағазды бояумен бояйды)
"201 Құлпынай тобының балалары, маған сендердің көмектерің қажет. Балға барайын десем,зұлым өгей шешем өте көп үй шаруасын тапсырды, жалғыз өзім орындай алмаймын. Сендерді ақылды, ойлау қабілеті жоғары деп естідім. Маған көмектессеңдер, сыйлықтармен риза етемін. Сыйлықты сандықшадан табасыңдар. Сандықшаны барлық тапсырманы орындап болған соң, карта бойынша табасыңдар. Тапсырмаларды топ ішінен, кеңістікті бағдарлай отырып, жоспар бойынша іздейсіңдер. "
Тәрбиеші: -Бұл хатты кім жазғанын аңғарып отырсыңдар ма?
Балалар:- Бұл хатты Күлбике жазған.
Тәрбиеші: (қуыршақ Күлбикені көрсетеді) Ол қандай?
Балалар: -Ол әдемі, еңбексүйгіш, ақылды, шыншыл.
Тәрбиеші: -Күлбикеге көмектесіп, сыйлық алғыларың келе ме?
Балалар: -Иә.
2. Негізгі бөлім/Основная часть:
Тәрбиеші: -"Күлбике" ертегісі бойынша саяхатқа аттанамыз. Міне біздің топтың жоспары, мұнда тапсырмалар бейнеленген. (жоспарды қарап, бірінші тапсырма қайда орналасқанын табу)
Балалар: -1-ші тапсырма тақтаға жасырылған.
Тәрбиеші: -Міне, біздің тапсырмамыз: Күлбикеге бөлмеге жиһаз қоюға кө-мектесіңдер. Қараңдаршы, әдемі жиһаздар, өздеріңе бір зат алыңдар. Тақтаны бөлме деп елестетіңдер. Шкафты жоғары оң бұрышқа, үстелді ортаға, керует жоғары ортаға, диванды төменгі сол бұрышқа, 2 креслоны үстелдің оң жағы-на қойыңдар. Жарайсыңдар, балалар, тапсырманы орындадыңдар. Енді 2-ші тапсырма қайда екен?
Балалар: -2-ші тапсырма кітапханада. Киндер тосын сыйында екен.
Тәрбиеші: -Жұмыртқаны ашамыз: Күлбикенің туыстарына көйлек таңдауға көмектесіңдер. Ол туыстар кімдер?
Балалар: -Өгей шешесі мен оның екі қызы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: