Күлбикеге көмектесеміз

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

-1-ші үстел астында.
Тәрбиеші: -Шынымен де, ол үстел астында жарма салынған ыдыста, бірақ бүктелген қағазды таяқшамен алуға болады. Сонымен, тапсырма: Күлбике көйлегін әдемі өрнектермен әшекейлеу керек. Ол үшін бізге сиқырлы мон-шақтар қажет. Үстел басына келіп, әрқайсың өз көйлектеріңді безендіріңдер. Күлбике әр күні мерекеге баруы үшін, көйлектер дайындаймыз. Дайын көй-лектерді шкафқа ілейік. Тапсырманы орындадық, енді Күлбикеге балға баруға болады. Қазынаның картасын Күлбике шкафқа салып қойыпты. Қарайықшы, сыйлықтары бар сандықша қайда жасырылған?
Балалар: -Қонақтардың орындығының астында.
Тәрбиеші: -Күлбике сендерге қандай сыйлық дайындап қойыпты қарайықшы. Ой, мынау Күлбике бейнеленген медалдар. Сендерге еңбексүйгіштіктерің үшін берген.
3. Қорытынды бөлім/Итоговая часть:
Тәрбиеші: -Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды. Сендерге бәрінен де не ұнады? Қандай тапсырманы орындау қиын болды? Сендер барлықтарың өте мейірімді, ақылды екенсіңдер. Еш қиындыққа қарамай Күлбикеге балға бару-ға көмектестіңдер.
Күткен нәтеже/ Ожидаемый результат:
Воспроизводят /Нені білу керек: Кеңістікті қағаз бетінде бағдарлай білуді. Понимают / Нені игереді:Жоспар бойынша жұмыс істеуді, тапсырмаларды сөзкөмек арқылы іздеуді.
Применяют / Нені білді: Әр тапсырманы орындауды. Біреуге жанашырлық танытып, көмектесуді.







Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: