қазанда ұшты.
М. Тағы қазақтың қандай ғарышкерін білесіңдер?
О. Талғат Мұсабаев. Ол ғарышқа 1994 жылы 1 маусымында
М. Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ, даланы және табиғатты анаға теңейді?
О. Барлығы анадан жаралған. Сондықтан Жер-Ана деп бекер айтпаған.
4. Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру.
Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай-салада ағады,
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Балалар айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Көктем)
- Балалар, алдымызда қай жыл мезгілі келе жатыр? "Көктем туралы пікір алысу".
М. Көктем мезгіліне тән табиғи құбылысты ата?
О. Күн жылынып, жаңбыр жауады.
М. Көктемде құстар қайтадан. . . . . . . . . . . . ?
О. Құстар күн жылынған соң ұшып келеді?
М. Көктемде тіршілік атауы не істейді?
О. Көктемде тіршілік көзі оянады.
М. Төрт - түлік мал не істейді?
О. Малдар төлдейді.
М. Көктемде ағаштар қайтеді?
О. Ағаштар бүршік жарады.
М. Егін алқабында не істеледі?
О. Егін егіледі.
(Өлеңнің авторымен таныстыру)
Қасым Аманжолов - 1911 жылы Қарағанды облысы. Қарқаралы ауданында дүниеге келген, 1955 жылы 17 қаңтарда Алматыда қайтыс болған. Ол кедей отбасында туған. Ата - анасынан жастай жетім қалады. Кейін интернатта оқып, бастауыш кластық білім алады. Мал дәрігерлік техникумда оқиды. (1927-1930). Оны бітірген соң Орал қаласындағы пединститутта оқып жүріп, Ленинград орман шаруашылығы институтына ауысады. Осы жылдар-да өлең жазуға талаптанған жас ақын 1932 жылы Алматыға келіп, "Лениншіл жас" газетіне қызметке тұрады. Алғашқы өлеңі 1931 жылы Орал облысы "Екпінді құрылыс" газетінде басылады. Алғашқы өлеңдер жинағы "Өмір сыры" 1939 жылы жарық көрді.
Қасым Аманжолов жаратылысты табиғат көрінісін кө
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>