Сабақтың тақырыбы: "Көктем" (Қасым Аманжолов)
Сабақтың мақсаттары: 1)Білімділік:Өлеңнің
Мазмұнын ашу, мәнерлеп оқуға үйрету. Қ. Аманжоловтың
Өмірімен таныстыру;
2) Дамытушылық: Өлеңдегі ойды жеткізе білу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту;
3) Тәрбиелік: Сабаққа белсене қатысуға, табиғат өзгерістерін түсіне білуге, нақышына келтіре оқуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тусіндіру.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызба, Қ. Аманжоловтың суреті, оқулық, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ән-күй, бейнелеу.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Жарық болса күніміз
Жарқын шығар үніміз.
Елін сүйіп ер жетер
Жамандықтан қашатын
Жақсы іске басатын
Біз болашақ гүліміз.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
- Үйге қандай тапсырма берілді? Олжас Сүлейменов кім? Оның қандай өлеңімен таныстық? Өлеңді оқыдық па? Өлең не туралы екен?
3. Үй тапсырмасын қорыту. Сұрақ-жауап арқылы.
М. Ғарыш дегеніміз не?
О. Ғарышта шек жоқ. Оның кеңдігі соншалық, аспан денесінің бір-бірінен қашықтығын жердегі өлшеммен (мыс-ы; км) өлшеу мүмкін емес. Жерді қоршаған дүние - Әлемді Ғарыш деп атайды.
М. Ғарышқа жол қай жылы ашылды?
О. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды.
М. Тұңғыш ғарышкер кім?
О. Юрий Гагарин.
М. Ғарышқа Гагарин қашан ұшты?
О. Ол ғарыш сапарына 1961 жылы 12 сәуірде ұшты.
М. Ақын Гагариннің ақ жолын неліктен "ала бөтен" дейді?
О. Өйткені Гагарин ғарышты дүние жүзіне танытты.
М. Дүние жүзіне әйгілі ғарышкер Гагарин болса, егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім?
О. Тоқтар Әубәкіров. Ол ғарышқа 1991 жылы 2
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>