лденең көзбен көруші болып жырламайды. Дәуірді, Отанды айта ма, ауыр күндер мен сын сағатты айта ма, қуана ма, күйіне ме - соның бәрінде ақын табиғат суреттері мен мінезін өз суретіне, өз мінезіне айналдырады. Сол өлеңдерінің бірі "Бірінші май", "Орал", "Сарыарқа", "Көктем" сияқты өлеңдерінде табиғаттың сұлу бейнесін үлкен суреткерлік
пен, терең сезімталдықпен көрсетеді.
Оқулықпен жұмыс. "Көктем" өлеңі Қ. Аманжолов.
а) мұғалімнің оқуы;
ә) оқушыларға өлеңді мәнерлеп, тізбектеп оқыту.
- Балалар, өлеңде не туралы айтылған. Әр шумағын сипаттап көрейік. Көктем келбеті ақын тілімен қалай суреттелгеніне мән бер:
а) Бұлақ туралы не делінген?
ә) Өзен туралы ше?
б) Көктемгі жаңбырды сипатта.
в) Көктемде ағашта қандай өзгеріс болады? Ол туралы ақын не дейді?
г) Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?
Сергіту сәті.
Көктем қандай көңілді
Күміс жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
Жыршы құстар көп келді.
Гүлдер жапты бөктерді.
Кел балалар әнменен.
Қарсы алайық көктемді.
5. Сабақты қорыту. "Кім шапшаң?" ойыны. (Оқушыларға қима қағаздар тарқатып беру)7 Оқушыларға тірек сөздерін пайдаланып, шапшаң көктем туралы өлең құрастыру.
Көктем келді. . . . . . . . .
Құстар ұшты. . . . . . . . .
Нөсерлетіп. . . . . . . . . . . .
Тірек сөздер: далаға, селдетіп, көлдетіп, сайрады.
Бәйшешектер. . . . . . . . . . .
Көбелектер көп. . . . . . . .
Аспан шайдай. . . . . . . . . . .
Дала гүлге. . . . . . . . . . . . . . . . .
Тірек сөздер: келеді, гүлдеді, ашылып, белсенді.
Қар. . . . . . . . . . . .
Сай-саланы. . . . . . . . . . .
Гүлдер. . . . . . . . . . .
Ағаш басы бүрш
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>