Кірме сөздер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Кірме сөздер
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: басқа тілден енген сөздер туралы түсінік беру;
ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, жүйелі сөйлей білуге баулу;
б) тәрбиелік: тілді құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылар бойындағы адамгершілік құндылықтарды жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, жеке тұлғаға бағытталған технология.
Ұжымдық жұмыс
Сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: кірме сөздерге арналған кесте, суреттер, компьютер, слайд.
Оқу нәтижесі: Балалар кірме сөздерді ажырата білу және қолдана білуге үйрету, оқушыларды бірлесе отырып білім алуына дағдыландыру. Оқулықтан негізгі идеяны табуға үйрету.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география.
Сабақтың барысы:
Жылы лебіз тренингі арқылы оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Егеменді елдің бетке ұстар азаматы бол
Олай болса, балалар, сіздерді сүйкімділер, білімділер, мейірімділер тобы деп 3 топқа бөлгім келіп отыр. Топқа кімді топ басшы етіп сайлаймыз?
Балалар, біздің сабағымыз қызықты өту үшін сабағымызға дүниедегі ең әдемі адам қатысып отыр екен. Оны көру үшін тек қана өте жақсы тапсырма орындаған оқушы көре алады. Басқа балаларға не көргенімізді айтпаймыз. Сабаққа жақсы қатысып отырайық.
Жаңа сабақ.
Кірме сөздер дегеніміз тілімізге басқа тілден енген сөздер. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысып тұруы барлық тілдерге тән құбылыс. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ десе де болады. Дүние жүзіндегі түрлі - түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өз ара бір - бірімен қарым - қатынаста болады да, бір-біріне сөз аусыады. Әрбір тілдегі басқа тілдік сөздер санының аз я көптігі тарихи жағдайлармен тығыз байл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: