анысты.
Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым - қатынас жасап, аралас - құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, монғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер кірген.
Қазақ тіліне енген кірме сөздердің тарихы өте ұзақ. ІХ - Х ғасырдан бастап араб, парсы сөздері кірсе, ХІХ ғасырдан бері қарай орыс тілі арқылы келген кірме сөздердің саны өте көп.
I тапсырма:
3 минут ішінде кірме сөздер туралы қосымша мәліметті талқылауға беремін. Ноутбуктегі мәліметпен танысады.
I топ
Араб, парсы тілінен енген сөздер:
адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, білім, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие, емле, т. б.
Тарихи дерек: Қазақ даласы Х-ХІІ ғасырларда араб халифатының қарамағында болды. Ислам діні тарады. Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан көптеген ақын, ғалым, ойшылдардың үлесі мол болды. Әунасыр әл Фараби, Ғаббас әл Жауһари, әл Сығанақи сияқты тұлғалар шықты. Поэзияда парсы тілі, ғылымда араб тілі басым болғанына қарамастан, Ахмет Иассуаи, Ахмет Иүгенеки, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқаридай түркі даналары еңбектерін өз ана тілінде жазды.
(Тапсырманы өте жақсы айтқан, орындаған оқушы әдемі адамды көре алады).
II топ
Монғол тілінен енген сөздер:
А) ел билеуге байланысты сөздер: ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық, т. б.
Ә) жер-су атаулары: Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай, т. б.
Тарихи дерек: 1219 жылы Шыңғысхан Қазақстанның ескі қаласы Отырарды қоршауға алады. Отырар тұрғындары қаланы алты ай бойы қорғайды. Тек бір сатқын қаланы ашып бергеннен кейін ғана монғолдар қаланы жаулап алады. Тек Отырар ғана емес, мұнан кейін Сығанақ, Ашнас, Баршынкент, Үзгент қалаларын тонап, халқын қырғынға ұшыратқан.
Жер - су атауларының шығ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>