кіндігінің болуы қажет.
Мысал ретінде стандарт математикалық функциялардың есептелу бағдарламасын қарастыруға болады. Программист sin(x) функциясын бағдарламаның кез-келген жерінде қолдана алады және оған функцияның есептелуіне қай әдістің қолданып тұрғанын білудің қажеттілігі жоқ. Модуль өлшемі 60 жолдан аспауы керек және модульдер өзара тәуелсіз болуы керек. Байланысқан элементтерді бір модульге, байланыспаған элементтерді әр түрлі модульге жинау керек. Модульдерді қолдана отырып бағдарлама күрделілігін төмендетуге болады.
Pascal тілінде модуль процедуралар мен функциялардың көмегімен құрылады, C тілінде функциялардың көмегімен құрылады.
Құрылымдық кодтау деп бағдарламада басқарушы конструкциялардың – шартты операторлардың, циклдің (параметрлі, цикл - әзір, цикл - дейін) қолданылуын айтады. Шартсыз көшу операторы бағдарламада сирек қолданылуы керек немесе шартты оператордың, циклдің көмегімен өзгертілуі керек.
Бағдарламаны жоғарыдан төмен қарай жобалаудың өз иерархиялық құрылымы бар және қысқа есеп қойылымынан басталады. Одан кейін есеп бірнеше ұсақ ішкі есептерге бөлінеді. Ішкі есептердің өзі де ішкі есептерге бөлінуі мүмкін. Әр қадамда ішкі есептің орындайтын негізгі функциялары анықталуы керек. Бөлу процесі әр ішкі есеп қарапайым болғанға дейін, яғни әр ішкі есепке бір модуль сәйкес келгенше созылады.
Объектке бағытталған бағдарламалау
Объектке бағытталған бағдарламалау тілдерінің негізгі концепциясы – құрылатын қосымша өзара байланысқан негізгі объектілерден тұрады. Объектке бағытталған технологияда қолданушы үш базалық элементпен: объекттер, хабар және класстармен жұмыс істейді.
Объекттер дегеніміз бірнеше рет қолданылатын бағдарламалық модулдерден, яғни байланысқан мәліметтер мен процедуралардан тұрады. Объект құрылымы екі бөлік
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>