Кіріспе. Бағдарламалау тілдері пәнінің мақсаты

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

sic тілі. 60-жылдардың ортасынан бастап мамандар арасында құрылымдық бағдарламалау мәселесі көтеріле бастады. 1971 жылы Н. Вирт құрылымдық технологияға үйретуші Pascal тілін құрды.
Жалпы мәнді жоғары деңгейлі тілдер қатарына әр түрлі класс есептерін тиімді бағдарламалауға бағытталған тілдер жатады. Бұл классқа жататын тілдердің негізгілері C, Modula, Ada тілдері. Бұл тілдердің негізі 1966 жылы құрылған, ғылыми, пәндік облыстағы есептерді бағдарламалауға мүмкіндік беретін PL/1 тілі. PL/1 тілі ЖС ЭЕМ сериялы модельдерде кеңінен қолданылды. Си тілін 1972 жылы Д. Ритчи құрды және Unix операциялық жүйесі осы тілде жазылды. Си тілі ассемблер тілінің де және жоғары деңгейлі тілдің де мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін болғандықтан орта деңгейлі тіл деп атайды. Pascal тілінің идеологиясын тарату мақсатымен Н. Вирт 1980 жылы Modula–2 тілін құрды. Бұл бағдарламалау тілінің негізі – бағдарлама бір-біріне тәуелсіз модульдерден тұрады.
1978 жылы қазіргі АҚШ-та әскери қаруды басқаруға қолданылатын қосымшаларды бағдарламалауға арналған Ada тілі құрылды. Ada тілі құрылымды бағдарламалау тілі болып табылады және параллель бағдарламалау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Проблемалық–бағытталған жоғары деңгейлі тілдер деп нақты пәндік облыс есептерінің мәселесін түгел қамтитын тілдерді атаймыз. Бұл классқа жататын бірінші жоғары деңгейлі тіл – FORTRAN тілі. FORTRAN - I тілін 1956 жылы IBM фирмасы құрды және ғылыми-техникалық есептерді шешуге арналған.
Жасанды интеллект символдық информацияларын және тізімдерін өңдеуге арналған есептерді бағдарламалауға Lisp, Prolog тілдері қолданылады. Lisp тілін 50-жылдары Д. Макартни құрды. 70-жылдары Lisp тілінің негізінде құрылған Prolog тілі логикалық бағдарламалау тілі болып табылады және 5 буынның ЭЕМ жапон проектінде негізгі тіл б

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: