Компьютерге түсінікті командалар тізбегі арқылы жазылған алгоритм – бағдарлама (программа) деп, ал бағдарлама құру процесі бағдарламалау (программалау) деп аталады.
Бағдарламалау тілі – ЭЕМ-де шешілетін әртүрлі есептердің бағдарламасын компьютерге түсінікті формада жазу тәсілі болып табылады.
Бағдарламалау тілдері жоғарғы және төменгі деңгейлі тілдер болып бөлінеді.
Машинаға бейімделген (төменгі деңгейлі) тілдер - әрбір команда процессордың бір командасына сәйкес келеді (ассемблер)