ып табылады. Prolog бағдарламасының негізгі элементі атом болып табылады және жеке объекттер арасындағы қарапайым қатынастарды көрсетеді, басқа бағдарламалау тілдеріне қарағанда атом түсінігінің мағыналық мәні басқа. Тіл тек сипаттамадан тұрады және инструкциялары жоқ, яғни процедуралы емес. Әр Prolog бағдарлама сөйлемдер жиынынан тұрады, яғни жәй тұжырымдар немесе импликациялар. Prolog тілінің базасында эксперттік жүйелер, білімді көрсететін жүйелер, білім базасы және жаратылыс тілдерін өңдейтін жүйелер құрылады. Prolog тілінің негізіне математикалық логика элементтері қолданылады. Бағдарлама объекттер арасындағы қатынас терминдері арқылы сипатталады. Логикалық бағдарламалау тілдерінің жетістігі параллель бағдарламалау принципі қолданылады. Prolog тілінің көптеген танымал модификациялары бар, оның ішінде ең көп тарағаны – Borland фирмасының Turbo Prolog бағдарламалау жүйесі. Жасанды интеллект проблемасына арналған жаңа логикалық және функционалды бағдарламалау тілдері құрылуда, мысалы, DURAL, VALID тілдері.
Бағдарламалау(Программирование; programming):
1) есептегіш машиналар мен құрылғыларға арналған бағдарламаларды құрастыру әдістері мен тәсілдерін зерттейтін пән;
2) компьютерде есеп шешу үшін оны алдын ала дайындау процесі. Ол мынадай кезеңдерден тұрады: операциялар жиыны ретінде көрсетілген есеп "шешу жоспарын" жасау (есепті алгоритмдік бейнелеу); "шешу жоспарын" бағдарламалау тілінде бейнелеу (бағдарлама жазу); бағдарламаны машина тіліне аудармалау; командалар тізбегін компьютердің техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру (есеп шешу процесі). Сондай-ақ қолданбалы математиканың компьютер үшін бағдарламалар жазу, оларды тексеру және жақсарту әдістері мен құралдарын зерттейтін тарауы да бағдарламалау деп аталады;
3) мәліметтер өнде
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>