болып бөлінеді.
Машинаға бейімделген (төменгі деңгейлі) тілдер - әрбір команда процессордың бір командасына сәйкес келеді (ассемблер)
Қолданбалы мазмұнды есептерді шешуге бағытталған, командалардың мол жиынтығынан тұратын табиғи тілге ұқсас бағдарламалау тілі – жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілі деп аталады. Жоғарғы деңгейлі тілдер – кәдімгі табиғи тілге (ағылшын тіліне) ұқсайды, адамның түсінуіне оңай, бір ғана компьютерге тәуелді болмайды. Олар төмендегіше:
Жаңадан үйренушілерге: Бейсик, ЛОГО, Паскаль
Кәсіби: Си, Фортран, Паскаль
Жасанды интеллект тапсырмалары үшін: Пролог, ЛИСП
Интернет үшін: JavaScript, Java, Perl, PHP, ASP т. б.
Қазіргі кезде 3500-ден жоғары әр түрлі бағдарламалау тілдері бар және осылардың ішінен шектелген саны ғана бағдарламалық бөлімді құруға жаппай қолданылады. Бағдарламалау тілдерінің саны көп болуына байланысты олардың бірнеше классификациясы бар. Оның ішінде негізгі 2 түрге: функционалдық мәніне (қызметі) және қолданылатын бағдарламалау технологиясына байланысты бөлінеді.
Бағдарламалау тілдері функционалдық мәніне байланысты 4 үлкен классқа бөлінеді:
бағдарламалауға үйретуші;
жалпы мәнді;
проблемалы-бағытталған;
параллель бағдарламалаушы.
Қазіргі жоғары деңгейлі тілдерді осы классификацияға сәйкес қарастырамыз.
Бағдарламалауға үйретуші тілдер қатарына жататын жоғарғы деңгейлі тілдердің негізгілері Logo, Basic және Pascal. Logo тілі 60-шы жылдардың аяғында С. Пейперттің басшылығымен құрылды және ЭЕМ жаңа қолданушыларға, балаларға бағдарламалаудың негізін үйретуге бағытталған. Үйретуге арналған жоғары деңгейлі тілдердің ішіндегі кең тарағаны 1965 жылы Д. Кемени мен Т. Курц құрған Basic тілі. Дербес компьютерлерге бірінші қолданылған жоғарғы деңгейлі тіл және операциялық ортасы – Ba
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>