мдар оның киесінен де қорықпай, аң қылып аулап, әбден азайтқан.
-Жас бүлдіршіндер! Сендерге менің айтарым: Өз өлкеңді сүй, құрметте, оны қорға!
-Балалар, бүгінде бұл киелі жануар саны азайғандықтан, ҚР "Қызыл кітабына" енген.
Дидактикалық ойын: "Ханталапай"
Шарты: Балалар шашылған асықтар ішінен "Хан талапай" дегенде сақа асықты таласып алу керек. Алған бала жеңімпаз.
Тәрбиеші: Ал, енді әжемізге киік туралы өзіміздің білетінімізді айтып берейік.
1-бала: Киік-жүйрік аң. Ол сағатына 60-70 км. жүгіреді.
2-бала: Олар топтасып өмір сүреді.
3-бала: Киіктің еті, мүйізі бағалы. Мүйізінен дәрі-дәрмек жасайды.
4-бала: Оны ақбөкен деп те атайды, шөлге өте төзімді.
Әже: Менің балаларым білімді екен. Бүгінгі оқу қызметіміз сендердің арқаларыңда өте қызықты өтті. Балаларым менің сендерге арнап әкелген, өзім жасаған құрттарымнан дәм татыңдар (құрт таратады). Сау болыңдар, балаларым!
Денсаулық технологиясы: "Жаңбырды қуамыз"
- Мына келе жатқан жаңбырды үрлеу арқылы қуайық. Мұрынмен тыныстап, демімізді ішке тартамыз, ауызбен шығарамыз.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?
Балалар: Ия, ұнады.
Тәрбиеші: Бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болды, өйткені біздер киелі өлкемізді мекендейтін жануарлар мен өсетін өсімдіктер туралы біраз мағлұмат алдық. Бізге бүгін қонаққа кім келді?
Балалар: Әже келді.
Тәрбиеші: Ол бізге не туралы айтты?
Балалар: Киелі аң киік туралы айтты.
Тәрбиеші: Бүгінгі оқу қызметіміздің қай сәті сендерге ұнады?
1-бала: Маған әженің әңгімесі ұнады.
2-бала: Маған әженің құрты ұнады.
Тәрбиеші:
Табиғатты сақтаңдар,
Жануарды қорғаңдар.
Гүл жайнаған жерімізді,
Аялаңда
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>