Киелі өлкенің өсімдіктері мен жануарлары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

бізге өсімдіктер келіп отыр, өздері туралы айтып берсін.
1-бала: Мен адыраспанмын. Ақ түсті бес жапырақшасы бар гүлмін. Адыраспанды халық ем ретінде қолданады.
2-бала: Мен жусанмын. Менің түсім боз, иісім ащы. Мен емдік өсімдікпін, пайдам өте көп.
3-бала: Мен қамыспын. Мен суда өсетін өсімдікпін. Менің сабағымнан себет жасайды. (Балаларға гербарий көрсету)
Гербарий - зерттеу және жүйелеу мақсатында арнайы жиналып, кептірілген өсімдіктер коллекциясы.
-Балалар, өлкеміз жануарлармен қатар өсімдіктер дүниесіне де бай. Маңғыстау өлкесінде қандай жабайы жануарлар мекендейді?
-Қасқыр, түлкі, дала тасбақасы, арқар, құлан т. б. мекендейді.
Дидактикалық ойын: "Төртіншісі артық"
Шарты: Суретте берілген нәрселердің артығын табу керек.
Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Допты алды қолына,
Допты қойды жолына.
Оңға қарады, солға қарады.
Үлкен тау жасады.
Тосын сәт: (Әже келеді)
Әже: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Осы балабақшада білімді балалар жиналып, Маңғыстау өлкесін мекендейтін жануарлар мен Маңғыстауда өсетін өсімдіктер туралы оқу қызметін өткізіп жатыр дегенді естіп келе жатырмын. Бүгінгі біздің қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі табиғатты қорғау мәселесі болып тұрған шақта менде өз үлесімді қосқан едім. Ей, қарақтарым! Бұл киелі Маңғыстау өлкесінде, таудың ішінде, баурайында бір кездері халқымыз киігін қойша қайырған өлке еді ғой, енді киік саны бүгінде өте аз.
(Cлайдтан киік суреті көрсетіледі. "Ақсақ киік" күйін тыңдату)
Әже: Киік-даланың ерке, сұлу аңы. Ол туралы халық аузында неше алуан аңыз да, ертегі де бар. Киік алтындай жалтылдап, күнге шағылысқан көркінің арқасында мергеннің көзін тайдырып, үнемі оқтан аман қалады екен. Бірақ кейін зұлым ада

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: