Киелі өлкенің өсімдіктері мен жануарлары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: "Киелі өлкенің өсімдіктері мен жануарлары"
Мақсаты: туған өлке туралы білімдерін кеңейту, туған жеріне деген махаббат пен құрметке тәрбиелеу, балалардың бойына табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, туған жер табиғатын қорғауға, онда өсетін өсімдіктер мен жануарларды қорғай білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, сұрақ-жауап, ойын, аңыз-әңгіме, тақпақтар, т. б.
Керекті құралдар: суреттер, кітаптар, гербарийлер.
Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз туған өлкеміз, киелі Маңғыстауда мекендейтін жануарлар мен өлкемізде өсетін өсімдіктерге байланысты болмақ, сендер болашақта өз өлкелеріңдегі өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын азамат болатындарыңа сенім білдіремін. Киелі өлке Маңғыстау туралы қандай тақпақтар білесіңдер? Қане кім айтады?
1-бала:
Маңғыстауым!
Туған өлкем сен едің,
Өз елімде еркін өсіп келемін.
Ата-баба аманатын арқалап,
Туған жерді көркейтсем мен деп едім!
2-бала:
Көк күмбез зерен-аспаның,
Көгілдір мәрмәр тастарың.
Көңілде жүрген дастаным,
Маңғыстау-жұмақ мекенім,
Маңғыстау-мәңгі дастаным.
-Балалар, сендер жақында қайда бардыңдар?
-Ботаникалық баққа бардық.
-Ботаникалық бақта нелер бар екен?
-Өсімдіктер бар екен.
-Өсімдіктер дегеніміз не?
-Өсімдіктер тірі табиғат. Өсімдік, бұл - ағаштар, бұталар, шөптер, гүлдер.
-Өсімдіктер не арқылы өседі? Немен қоректенеді?
-Өсімдік су мен жарық арқылы өседі.
-Жарайсыңдар, балалар. Біздер ботаникалық бақта қандай ағаштарды кездестірдік?
-Шырша, қайың, қарағай, емен ағаштарын көрдік.
-Қандай жеміс ағаштары бар?
-Бақта алма, алмұрт, өрік, жүзім ағаштары бар.
Тәрбиеші: Ботаникалық бақта бірнеше ағаштар, бұталар, шөптер мен гүлдердің түрлерімен таныстық. Бүгін

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: