адаспаған екенмін . Мен Жұмбақбай аталарың боламын. Сендерді бабаларыңның қалдырып кеткен қазыналарымен таныстыруға арнайы келдім және өздеріңе арналған "Жұмбақ " тапсырмаларым бар. 
 Бастаушы: Жұмбақбай атай сіздің келгеніңізге біз өте қуаныштымыз. Алдымызда тұрған құпия отауларды аралайтын жетекші іздеп тұр едік, сіз біздің ойымыздан тура шықтыңыз. 
Жұмбақбай атай: "Математика - ғылымдардың атасы", "Ескісіз жаңа болмайды , есепсіз дана болмайды ",- деп халқымыз бекер айтпаған. 
Ендеше, бірінші отау - "Мақал - мәтелдер " отауын тамашалайық . 
 Оқушылар ( хормен): Көп көрген ата-бабамыз ,
 Солардан тәлім аламыз. 
Екі топ кезекпен мақал-мәтел айтып жарысады. Қай топ айта алмай қалса , сол топ жеңілгені. Мақал-мәтелдерде міндетті түрде сан болу керек. 
Екінші отау-"Жұмбақтар мен жаңылтпаштар" отауы . 
Оқушылар (хормен):
 Жаңылтпаштар айтамыз жаңылмай,
 Жұмбақтарды шешеміз қалдырмай. 
Жұмбақбай атай: Кәне, балалар. Енді сендердің білімдеріңді сынап көрейік . Сандардың атауларын дұрыс айта аласыңдар ма? Ендеше маған мына жаңылтпаштарды айтып беріңдер . 
 Ұшып кетті үш құс,
 Ұшып келді ұшқыш. 
 
 Он қап,
 Он қапты қақ. 
(бірнеше жаңылтпаштар айтылады)
. 
 Жұмбақбай атай: Енді сендердің ой-өрістерің қандай екенін тексерейік . Ол үшін жұмбақтар шешейік. 
Жаңылмастан жетеуі,
 Кезек қызмет етеді. (аптаның 7 күні)
Туысқан бес кісі, 
Бірінен бірі кіші. 
Бәрінің аты бір , 
Ең кішісі шеткісі. (бес саусақ)
Жұмбақбай атай: -Барлығы дұрыс. Сендер тапқыр, ой-қрістерің кең балалар екенсіңдер. Енді келесі отауға көшейік. Ата - бабамыз бізге қандай мұра қалдырып кеткен екен?!
Үшінші о
		Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>
