йлан да тап " газетіндегі қызықты есептердің жауабын санау.
Қорытындылау . Барлық сайыс түрлері қазылар алқасымен 1-ден 5-ке дейінгі балмен бағаланып қорытындысы шығарылады.
Сыныптан тыс қызықты математика сағаты
Тақырыбы: "Асыл мұра- математиктер әлемінде".
Мақсаты: Қазақ халық шығармашылығы материалдары негізінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Міндеттері: 1) 20 көлеміндегі сандарды нөмірлеу туралы білімдерін бекіту және есептеу дағдыларын қалыптастыру;
2)Ұлттық мұраларға аялы көзқарасты қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу;
3) Логикалық ойларын, тапқырлықтарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тақтаның алдына әрбір асыл мұраның отаулары қойылып, олардың іші сәндік - қолданбалы өнер туындыларымен, буклеттермен, кітапшалармен безендіріледі.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Бастаушы: Балалар, қазір бізде - қызықты математика сағаты "Асыл мұра-математиктер әлемінде" тақырыбы бойынша өтеді. Сендер барлықтарың математиксіңдер, өйткені қандай есепті болмасын дұрыс шешесіңдер.
Қане, ендеше бәріміз хормен "Ойлан тап !" әнін айтып, қызықты сәтімізді бастайықшы.
Кел балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық. . .
Бастаушы: Сендер бүгін бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге жеткен асыл мұралары мен таныса отырып, соның негізінде математикадан білімдеріңді жетілдіресіңдер.
Ол үшін отауларды аралап, ондағы дүниелерді тамашалай отырып, білім қорымызды молайта түсейік. Отауларды аралау үшін бізге жетекші керек. (Осы кезде есіктен Жұмбақбай ата кіреді.
Оқушылар: Сәлеметсіз бе, атай ?
Жұмбақбай атай: Бұл - математиктер әлемі ме? (Иә) Онда
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>