тау - "Санамақтар" отауы. 
Оқушылар (хормен):Он саусақты санап ақ,
 Үйренеміз санамақ. 
 Жұмбақбай атай: Ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен мұраларының бірі - санамақ. Мен математикалық санамақ - есеп оқимын. Сендер жауабын табыңдар. 
 Бәрі қанша құс болды?
 Мынау да бір санамақ,
 Өздерің көр саралап:
 Төбеден төрт бөктергі,
 Аңдыпты қос кептерді. 
 Секем ап бір дауыстан,
 Безектеп бес сауысқан
 Алты белден асыпты,
 Тым-тырақай қашыпты. 
 Ұш үкі үркіп ұшыпты,
 Тасқа құлап түсіпті. (14)
 -Өте дұрыс. Сендер санамақты да дұрыс, шештіңдер. Тағы кім қандай санамақ біледі? (Оқушылар өздері білетін санамақтарын айтады). 
Төртінші отау - "Қызықты ойын" отауы. 
Барлығы бірге:Кел ,балалар, келіңдер,
 Тамашаны көріңдер,
 Бізде қызық ойын бар,
 Барлығың ден қойыңдар. 
 Ойнаңдар да ойлаңдар 
 Думандатып тойлаңдар. 
 Жұмбақбай атай: - Біздің ойнайтын ойынымыз "Хан талапай "ойыны. 
Ойынның шарты: Мен қолымдағы асықтарды шашамын. Бұл асықтардың әрқайсысында сан жазылған. Сендер бір-бірден асықтарды алып , сол сан бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер. Кәне, бастайық!
 
 Талапай-ау, талапай,
 Табылды ойын алақай,
 Алшысынан асайық,
 Талапайға басайық, -деп асықтарды шашу. 
Оқушылар жазылған сандар бойынша жауап береді. 
1 , 15 бұл 9 және . . . 
2 , 12 бұл 7 және . . . 
3 ,16 бұл 9 және . . . т. с. с. 
Бесінші отау- "Ата - баба дәстүрі" отауы. 
Оқушылар (хормен) : Ата - баба дәстүрін сүйеміз,
 Көңілге оны түйеміз. 
 Қазақ халқында үш, жеті деген сан өте киелі сан. Сол сандарға байланысты сұрақтар қойылады. 
 
1. - Үш биді атаңдар. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би). 
		
		
Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10  >  >>
		
		
	    
	
    