Тақырыбы: "Кешірім сұрау -- бақыттың баспалдағы"" (жоғары сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг)
Мақсаты:
1. Кешірімділіктің дұрыс әрекет екендігін ұғындыру.
2. Кешіре білу қасиеттерін дамыту;
3. Мейірімділік, ақылдылық, рақымшылыдық, адамгершілік қасиеттерін көрсете білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу
Жүру барысы
Ұйымдастыру бөлімі. Баяу әуен ойналып тұрады.
Нұрға бөлену
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Бар денеңізге нұр тарауда. . Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. . . Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: "Мен нұрлымын. . . Нұр менің ішімде. . . Мен Нұрмын".
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Рахмет.
Мұғалім:
Енді мына суретке қарайықшы. Анықтап қарап алыңдар. осы сурет арқылы қандай ойлар келді? (жауап тыңдалады) . Бүгінгі тақырыбымызды "Кешірім сұрау -- бақыттың баспалдағы" деп алдым
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>