. Неге бақыттың баспалдағы деп айтамыз? Осы жөнінді ой қозғайықшы.
1. Негізгі бөлім
Мұғалім:Адам адам болған соң қателеспей тұрмайды, қателескен жағдайда біз көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып өкпе-реніш танытамыз. Қателеспейтін адам болмайды сондықтан кешіре де білу керек. . Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өкпе,реніш адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа нұқсан келтіріп,өзара түсінбеушілік туғызады. Сол себепті өкпе,ренішке бой алдырмай,адамдарға түсіністікпен,ізгілікпен,құрметпен қарауға ұмтылу керек.
Кешірімділік деген не? Осының анықтамасын оқиық.
Кешірімділік - адам бойындағы жақсы қасиет, пенде біткенге құрметпен, ізгілік тұрғыдан қарау. Адамгершілік, имандылық сияқты гуманистік ұғымдарға мәндес категория. Адамның оқыс істері мен қоғамға зиянды іс-әрекет жасағаны анықталғанда, оған адами тұрғыдан кеңшілік жасап, залалды істерінің мән-жайын түсіндіру, гуманистік қамқорлық жасау, кеңшілік көрсету - Кешірімділік болып табылады. . Күнделікті тұрмыс-тіршілікте қателесіп, іс-әрекеттерінде жіберген жағымсыз қылықтары үшін де адамға Кешірімділік жасалып, оған дұрыс жөн-жосық көрсетіледі. Айыбын мойнына алған, қатесін дұрыс сезініп, оған өкініш білдіретін адамға да Кешірімділік жасалады. Кешірім сұрау - әрбір адамның өзі жіберген қатесін ой-санасымен сезініп мойындауы оның мінезіндегі ерлігі мен батылдығын білдіреді. Кешірімділік - қоғамдағы азаматтардың болашағына сенім артып, оның саналы түрде тәлім-тәрбие алуына қамқорлық көрсетудің көрінісі.
Оқушы: Өкпе,реніш-адамның көңіл күйіне,денсаулығына кері әсер етеді. Айналаңа ылғи өкпелеп,ренішпен қарау,риза болмау түрлі ауруларға шалдықтырады. Егер де ауру болып жүрсе адам өзін бақыттымын деп қалай сезінеді. Мен
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>